Көшені қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 ақпан 2016 ж.

    Көшені қайта атау туралы

    “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы №4 қорытындысына сәйкес Жалағаш кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінің «Жастар» көшесі «Мүбарак Тәйтіков» есімімен қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

    Жалағаш кентінің әкімі

    Қ.Құлмахан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.