Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қазан 2001 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы

    Тимирязев аудандық мәслихатының сессиясы мен аудан әкiмiнiң сұрауы негiзiнде және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес облыстық мәслихаттың ХIII сессиясы мен облыс әкiмi ШЕШIМ етті:

    1. Оның аумағын Мичурин селолық округiнiң құрамынан бөлу және оған Ақсу мен Аралкөл селоларын қосу жолымен Белоградовка селолық округi құрылсын. Оның әкiмшiлiк орталығы болып Белоградовка селосы белгiленсiн.

    2. Оның аумағын Степной селолық округiнен бөлу жолымен Интернационал селолық округi құрылсын. Оның әкiмшiлiк орталығы болып Дружба селосы белгiленсiн.

    3. Тимирязев ауданының әкiмi В.А.Колода құрылған селолық округтердiң аппараттарын қалыптастыруға және берiлген лимиттер шеңберiнде штаттық санын ұстауға қаржы белгiлеуге мiндеттелсiн. Аудандағы әкiмшiлiк-аумақтық өзгерiстерге байланысты екi айлық мерзiм iшiнде қажеттi процессуалдық iстер жүргiзiлсiн.

    Шешiмнiң орындалуы туралы 2001 жылғы 15 желтоқсанға хабарлайтын болсын.

    Облыс әкiмi

    Қ.Нағманов

    Облыстық мәслихат ХIII сессиясының төрағасы

    Е.Әбиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.