Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік кредиттеу туралы
«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңды және «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарымен Кредит беру ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1440 қаулысын және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 478 қаулысын орындау үшін ШЕШІМ қабылдаймын:
1. 272.80 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жергілікті деңгейде кредиттеу» және 272.81 «Экономика салаларын қолдау және дамыту үшін кредиттеу» багдарламалары бойынша мыналар белгіленсін:
кредитке бөлінетін қаржының максимум сомасы (екінші деңгейдегі банктердін бірлесе қаржыландыру жобасының сомасын ескере отырып) бір Қарыз алушы үшін 30 млн. теңге;
бюджеттік кредиттерді берудің шекті мерзімі 36 ай.
Жекелеген жағдайларда, қарызының негізгі сомасын өтеу және сыйақы төлеу кезеңінде жеңілдіктер берілуі мүмкін.
2. Бюджеттік кредиттеуге қатысатын банктерге бюджеттік каржы бюджеттің пайдасына жылдық 1 пайызбен беріледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ф.Сутуловқа жүктелсін
Қ.Нағманов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.