Облыстық «2001 жылы көктемдегі дала жұмыстарын несиелендіру» бағдарламасы туралы
Облыстық ауыл шаруашылық департаментінің бастығы Б.Б. Асайынованың облыстық "2001 жылғы көктемгі-дала жұмыстарын несиелендіру" бағдарламасы туралы хабарламасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Облыстық "2001 жылғы көктемгі-дала жұмыстарын несиелендіру" бағдарламасы бекітілсін.
2. Облыстық ауыл шаруашылық департаменті ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді жанар-жағар маймен және 2001 жылы көктемгі-дала жұмыстарға дер кезінде дайындық пен ұйымдастырушылықпен өткізуді қамтамасыз ететін болсын.
3. Облыстық қаржы департаменті 2001 жылы бағдарламаны дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз ететін болсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың табиғатты пайдалану және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
II сайланған облыстық
Мәслихаттың IХ сессиясының төрағасы
О. Қайыргельдинов
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
Т. Айтқазин
Павлодар облысы
Мәслихатының 2001 жылғы
13 наурыздағы шешiмiне
қосымша
2001 жылғы көктемгi-дала жұмыстарын несиелендiру облыстық бағдарламасы
1. Паспорты
Бағдарламаның атауы: 2001 жылғы көктемгi-дала жұмыстарын несиелендiру.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн көктемгi-дала жұмыстарын жүргiзу үшiн жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету. Жүзеге асыру мерзiмi - 2001 жылғы мамыр.
2. Кiрiспе
Павлодар облысының 2000 - 2001 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын дамытудың облыстық бағдарламасына сәйкес дәндi және жармалық дақылдарының егiстiгiнiң көлемiн тұрақтандыру және ұлғайту көзделiп отыр.
Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн көктемгi-дала жұмыстарын табысты өткiзу үшiн қаржылай қолдау қажет. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi ерекшелiктерге байланысты (ауа райының табиғи жағдайына, қаражат айналымының төмендiгiне) шаруашылық субъектiлерiнiң айналым қаражаты негiзгi науқанды жүргiзу кезiнде толтырылуы тиiс.
Павлодар облысы ауыл шаруашылығының 2001 - 2005 жылдарға арналған индикативтi жоспарына сәйкес 2001 жылы егiстiк алаңын 724 мың гектарға, оның iшiнде астық алаңын 500 мың гектарға, майлы дақылдар - 50 мың гектарға көбейту қарастырылуда.
Дала жұмыстарын жүргiзген кезде жер өѕдеу технологиясын сақтаудың маңызы зор. Мұндай өңделген алаңдар егiп өсiретiн дақылдардан тұрақты өнiм алуға мүмкiндiк бередi. Қазiргi кезеңде жердi өңдеу технологиясы толық түрде жүргiзiлмей, өте қажеттi жұмыс түрлерi ғана орындалады. Соның салдарынан дақылдар өнiмi аз болып, шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн қаржы тапшылығына ұшыратты.
Жоғарыда айтылғандай көктемгi-дала жұмыстарын мезгiлiнде өткiзу үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне қайтару негiзiнде бюджет есебiнен қысқа мерзiмдi несиелеу қажеттiгi туады.
3. Проблеманың қазiргi жағдайын талдау
Өткен жылдары жанар-жағар май материалдарының өте қымбат болуынан ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi дала жұмыстарын дер кезiнде өткiзе алмады. Соның салдарынан нақты егiс алаңы жоспарланған көлемнен аз болды. Жер өңдеу технологиясы толық iске асырылмай, ең қажеттi жұмыс түрлерi ғана орындалды. Сондықтан дақылдар өнiмi аз болып, шаруашылық субъектiлерiнiң өндiрiстiк қызметi қаржы тапшылығына ұшырады.
Жоғарыда айтылєандай көктемгi-дала жұмыстарын мезгiлiнде өткiзу үшiн жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне қайтару негiзiнде бюджет есебiнен қысқа мерзiмдi несиелеу қажеттiгi туады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Көктемгi-дала жұмыстарына несиелеу:
- көктемгi-дала жұмыстары кезiнде ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етуге;
- жанар-жағар май материалдарымен толық қамтамасыз етiлетiн жағдайда тауар өндiрушiлердiң жер өңдеу жұмысын жүргiзуге толық мүмкiндiк алуға;
- тұрақты өнiм алуға жағдай жасайды.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары мен жүзеге асыру тетiктерi
Бағдарламада белгiленген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн:
- көктемгi-дала жұмыстарын жүргiзу кезiнде несие алуға мұқтаж ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қаржы жағдайына талдау жасау;
- бағдарламаның орындалуына бақылау жасау ескерiледi.
6. Қаржыландыру нысаны
Облыстық бюджет - аумақтық банк-оператор арқылы несие беру.
7. Күтiлетiн нәтижелер
Көктемгi-дала жұмыстарына несие беру және жанар-жағар май материалдарын мезгiлiнде жеткiзу ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне дер кезiнде барлық агротехникалық шараларды орындауға мүмкiндiк бередi.
Егiншiлiк мәдениетi сақталған дақылдар өнiмдiлiгi өсiп, өсiмдiктер өнiмiнiң жалпы түсiмiн көбейтетiн болады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.