Май ауданының кешенді дамытудың 2001 – 2003 жылдарға арналған бағдарлама мен оны 2001 жылы жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы
Облыстық экономика департаментінің бастығы Ғ.З. Қажкеновтың ""Май ауданын кешенді дамытудың 2001 - 2003 жылдарға арналған бағдарлама мен оны 2001 жылы жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары туралы" хабарламасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Май ауданын кешенді дамытудың 2001 - 2003 жылдарға арналєан және бағдарлама мен оны 2001 жылы жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары бекітілсін.
2. Облыстық экономика департаменті (Қажкенов Ғ.З) жыл сайын 10 қаңтар мен 10 шілде күніне орай облыстық Мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі комитетіне бағдарламаның орындалуы туралы хабарлайтын болсын.
3. Облыстық қаржы департаменті жыл сайын облыстық бюджетті құрастырғанда бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті көлемде қаржы қарастыратын болсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
II сайланған облыстық
Мәслихаттың Х (кезектен тыс) сессиясының төрағасы
О. Қайыргелдинов
Облыстық Мәслихаттың хатшысы
Т. Айтқазин
Облыс Мәслихаттың
2001 жылғы 13 наурыздағы
шешiмiне қосымша
Май ауданын кешендi дамытудың 2001 - 2003 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бағдарламаның паспорты
Аталуы: Май ауданын кешендi дамытудың 2001 - 2003 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан ірi - Бағдарлама)
Дайындау негiзi: Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 5 қазанда берген тапсырмасы
Негiзгi дайындаушылар: Облыс: экономика, ауыл шаруашылығы, индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту, коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар, қаржы, тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, бiлiм, мәдениет, туризм және спорт департаменттерi, облыс бойынша күшi-қон және демография басқармасы (келiсiм бойынша), облыс әкiмi аппаратының кадрлар қызметi бөлiмi
Мақсаты: Медициналық қызметтерге, бiлiм беруге, байланыс құралдарына, электр қуатымен қамтамасыз етуге, таза суға, еңбекпен қамтамасыз етуге және кедейшiлiкпен күреске жол ашу үшiн қолайлы жағдайлар жасау арқылы тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз етудiң сенiмдi жүйесiн жасауды қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу арқылы экономикалық өсу негiзiнде Май ауданы тұрғындарының өмiр деңгейi мен сапасын арттыруүшiн жақдай жасау
Мiндеттерi: Тұрғындардың қолайлы өмiр жағдайын арттырудың негiзi ретiнде аудан экономикасын сауықтыруға көмектесу Тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз етудiң қажеттi жүйесiн қалыптастыру жөнiндегi iсшараларды жүзеге асыру Тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
Қаржыландыру көздерi: Жергiлiктi табиғи-өндiрiстiк және әлеуметтiк ресурстар, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттерде қарастырылатын қаражаттар, кәсiпорындардың өз қаражаттары, инвестициялар, банктердiң бағдарламада айқындалған мақсаттарды жүзеге асыруға бөлген қаражаттары осы Бағдарламаны жүзеге асырудың ресурстық базасы болып табылады
Күтiлетiн нәтижелер: Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде Май ауданында тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз етудiң нақты жұмыс iстейтiн жүйесiн қалыптастыру, нақты экономикалық өсiм мен тұрғындардың жиынтық кiрiстерi мен шығыстарын арттыру негiзiнде ең жоғары сапалы әлеуметтiк жағдайларды қамтамасыз ету көзделуде.
2. Кiрiспе
Облыс аудандарының арасында Май ауданы әлеуметтiк жағынан тұрақсыздық деңгейi жоғары аудан болып сипатталады. Мұнда жұмыссыздық деңгейi ең жоғары, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы өте төмен, аз қамтамасыз етiлгендер саны өтуде, бала туу көрсеткiштерi төмен, күшi-қон қарқыны жоғары. Тұрақтылықты қамтамасыз ететiн iшкi, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және экономикалық ресурстар жеткiлiксiз жұмылдырылуда. Аудан облыста ауыл шаруашылығын дамытудың 2000 - 2001 жылдарға арналған бағдарламасының көрсеткiштерi бойынша оныншы орында келедi. Осының бірi тұрғындар арасындағы әлеуметтiк жағдайдың күрделене түсуiне әкелiп соғады.
Техникалық базаның едәуiр тозуы, асыл тұқымды мал ұрықтандыру жұмыстарының сапасы мен экономиканың аграрлық секторында нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру үрдiсiнiң қарқыны төмен болуы салдарынан ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде түбегейлi жақсарту жұмыстары жүргiзiлмеуде, бұл тұрғындар кiрiсiнiң тұтасынан өсуiне жол бермеуде, ал ол ауыл тұрғындарының өмiр деңгейi мен сапасына керi әсерiн тигiзуде.
Ауылдағы реформаның жаңа кезеңі ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң үздiксiз өсуiн, ауылдағы өмiр деңгейi мен сапасының бiр қалыптылығын қамтамасыз ететiн жағдайлар мен шаралар жасауға бағытталуы тиiс.
Осыған байланысты ауылды әлеуметтiк-экономикалық дамыту проблемасы Ел Президентi Н. Назарбаевтың қатысуымен өткен агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң республикалық кеңесiнде аталып өттi, осы Бағдарламаны дайындауда өз шешiмiн тапты.
Бағдарлама нарықтық реформалар кеңеңiнде ауданды әлеуметтiк-экономикалық дамытуда жинаұталєан негiзгi проблемаларды көтередi, мақсаттар мен артықшылықтарды, сондай-ақ шаралар жүйесiн, аудан тұрєындарының өмiр деңгейi мен сапасын көтерудiң негiзгi баєыттары мен тетiктерiн белгiлейдi.
3. Май ауданының әлеуметтiк-экономикалық дамуына талдау
Ауылда жүргiзiлген реформалар нақты меншiк иесiн туғызды. Өнiмнiң негiзгi көлемi шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтарда өндiрiлуде. Негiзгi мал басы мен құс осылардың қарамағында шоғырланған. 1999 жылдың қорытындылары бойынша олар ет өндiрудi 84,5 пайызға, сүт пен жұмыртқа өндiрудi 100 пайызға орындады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жаппай төмендеп отырғанының өзiнде шаруа қожалықтарындағы өнiм өндiрiсiнiң көлемi 1998 жылға қарағанда үш есеге артқан. Ауданда жылқы, қой және ешкi саны едәуiр өстi. 2000 жылдың 11 айында шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтардаєы мал өнiмдерi көлемiнiң өсу қарқыны сақталды, барлық санаттағы шаруашылықтарда мал мен құстың саны артқан.
Май ауданындағы электр желiлерiнiң құрылымы барлық тұрғындарды және аудан экономикасын электр қуатының мол қорымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Кенттердi көрiктендiру iсi жалғасуда, барлық селолық округтер автобус қатынасымен қамтылған, шағын бизнес дамуда.
"Ақсу-Конечная" темiр жолының құрылысы жүйеге асырылуда. Желтоқсан айының басында темiр жол Көктөбе ауылы төңiрегiнде түйiстi. Жолды iске қосу ауданда пайдалы қазбаларды өндiрудi, жаңа жұмыс орындарын құруды жоғары қарқынмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Аудан пайдалы қазбалар қоры бойынша облыстың алдыңғы орындарында. Көмiр, құрылыс материалдары, тұз, отқа төзiмдi балшық пен басқа да қазба орындары бар. Соған қарамастан мұнда материалдық-шикiзат ресурстары аз зерттелуде.
Ауданда мәдени-рухани қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн де жағдайлар жасалуда, кейбiр клубтар мен кiтапханалар өз жұмыстарын қайтадан бастады.
2000 жылы қабылданған шаралардың нәтижесiнде балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу жөнiндегi өткен жылдардың қарызы өтелдi (32,9 млн. теңге.
Сонымен бiрге, ауданда экономикалық жағдай баяу өзгеруде. Аудан бюджеттiк ресурстардан тапшылық көруде. Көптеген кәсiп-орындардың қаржылық жағынан тұрақсыздыңы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң төлем қабiлеттерiнiң төмендiгi, жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бґлiгiнiѕ ең қажеттi мөлшерден де азаюы ауданды облыстық бюджеттiң субвенциясынан тәуелдi етiп отыр. 2000 жылдың 11 айында бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң орындалуы 49,9 млн. теңгенi немесе болжамның 84,3 пайызын құрады. Осының бірi жергiлiктi әлеуметтiк бағдарламаларды жүзеге асыру өрiсiнiң тарылуына әкелiп соғады.
1999 жылы бюджеттiк қаражат (субвенцияларды ескере отырып Май ауданының 1 тұрғынына шаққанда селолық аудандар арасында ең жоғары болып табылды - яғни 2990 теңге (аудандар бойынша орташа көрсеткiш 2533 теңге. Бiрақ, бюджеттiк қаражаттың 50 пайыздан астамы жергiлiктi басқару органдарын ұстауға жұмсалған, ал әлеуметтiк iс-шараларға - 10 пайыз, спорттық және мәдени шараларды өткiзуге - 15 пайыз, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 7 пайыз ғана жұмсалған.
2000 жылы ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемi бiр тұрғынға шаққанда аудан бойынша орташа 25,6 теңгенi құрады, облыс бойынша мұндай орташа көрсеткiш - 106,4 теңге немесе 4 есе көп. Ауылшаруашылық кәсiпорындар бойынша несиелiк қарыз 2000 жылғы 1 қазанға - 33 млн. теңге болды.
"Жетпiс орта шаруа" бағдарламасы қанағаттанғысыз жүзеге асырылуда, оның шеңберiнде барлығы 38 жоба қаралған, бағдарламада қарастырылған қаржының 20 пайызы ғана игерiлген. Ұрықтандыру жұмыстарының тарифттерiн азайту жөнiнде шаралар қолданылмайтындықтан, тұрғындар арасындағы түсiнiк жұмыстарының жеткiлiксiздiгiнен жұмыс iстеп тұрған 5 ұрықтандыру пунктiн пайдалану деңгейi төмен. Аудандағы бар ауыл шаруашылығы техникаларының пайдаланылу мерзiмдерi толыңынан өткен.
Өсiмдiк өндiрiсiнде тарының жалпы алаңы 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда 5880 гектарға кемiп және 2000 жылы барлығы 1100 га құрады, күнбағыс тиiсiнше 648 га және 300 га құрады. Егiстiк көлемiн қысқартудың негiзгi себебi - айналым қаржысының жоқтығы.
Ауданда бау-бақша өндiрiсiн дамыту, үй жанындағы учаскелердi кеңейту жұмыстары жеткiлiксiз жүргiзiлуде. 3 селолық округте судың жоқтығынан тұрғындар бау-бақша өсiрумен айналыспайды.
Жеткiлiктi шикiзат базасының жоқтығынан, айналымдағы қаржының жеткiлiксiздiгiнен көптеген қайта өңдеу кәсiпорындары соңғы жылдары таратылды немесе өз жұмыстарын тоқтатты. Қазiргi уақытта Ақшиман селосындаєы шұжық цехы ғана жұмыс iстеп тұр.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Медициналық қызметтерге, бiлiм алуға, байланыс құралдарына, электр қуатымен қамтамасыз етуге, таза суға, еңбекпен қамту және кедейшiлiкпен күрестi қамтамасыз етуге жол ашу үшiн қолайлы жағдайлар жасау арқылы тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз етудiң сенiмдi жүйесiн жасауды қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу арқылы экономикалық өсу негiзiнде Май ауданы тұрғындарының өмiр деңгейi мен сапасын арттыру үшiн жағдай жасау Бағдарламаның басты мақсаты болып табылады.
Мыналар: ауыл тұрғындарының қолайлы өмiр жағдайын арттырудың негiзi ретiнде аудан экономикасын сауықтыруєа көмектесу;
тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз етудiң қажеттi жүйесiн қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi болып табылады.
5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi бағыттары
5.1.1. Аграрлық секторды дамытудың негiзгi бағыттары
Бағдарламаға сәйкес ауданның ауыл шаруашылығын дамытудың мынадай бағыттары анықталды:
ет өндiру бағытындағы мал шаруашылығы, табындық жылқы және қой шаруашылығы;
пайдалы дәндi дақылдар егiстiктерiн кеңейту: тары, күнбағыс;
көкөнiс пен бау-бақша дақылдарын өсiрудi дамыту;
қайта өңдеу кәсiпорындары желiсi мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өткiзу жүйесiн ұйымдастыру;
жеке аулаларда халықтық кәсiпшiлiктi, бау-бақшаны, ара шаруашылығын, құс шаруашылығы мен балық аулауды дамыту.
Осы мақсаттар үшiн Бағдарламада мыналар көзделедi:
"Мың орта шаруа", "Қолдан ұрықтандыру пункттерiн ұйымдастыру", "Отбасылық сүт шаруашылықтарын құру арқылы қала маңы аймағында сүт өндiрiсiн дамыту" облыстық мақсатты бағдарламаларын жүзеге асыру жөнiндегi жұмысты жетiлдiру;
ұсақ товар өндiрiсi мен жеке қосалқы шаруашылықтар желiсiн ұлғайтуға бейiмделген мал шаруашылығы өнiмiн сатып алу мен қайта өңдеудiң қолайлы жүйесiн құруға көмек көрсету;
негiзiнен ауданның шалғайдағы ауылдарында дайындау, қайта өңдеу кәсiпорындар желiсiн құру;
аудан аумағындағы диiрмендi, май шығару орындарын, пима басатын цехтарды бiржола жаңғыртып, сүт жјне жарма дақылдарын алғашқы өңдеуден өткiзетiн жаңа желiлердi сатып алып, олардыѕ қызметiн қайта бастау.
Ұсақ товар өндiрiсi шаруашылық субъектiлерiн жеке меншiк негiзiнде өндiрiс қаражаты есебiнен неғұрлым iрi өндiрiстiк кооперативтерге, қауымдастықтарға, акционерлiк қоғамдар мен агрофирмаларға бiрiгу мен қауымдасуға көмектесу.
Бақша дақылдары өсетiн алаңдарды ұлғайтуға байланысты "Жетпiс орта шаруа" аудандық бағдарламасы қаржысы есебiнен Қаратерек селолық округiнiң суармалы учаскесiн қалпына келтiру.
Ауданның аграрлық секторын дамытудың негiзгi баєыттарын жүзеге асыру мынадай бағдарламалар арқылы жүзеге асырылатын болады:
асыл тұқымды қой сатып алу;
құс шаруашылығын дамыту;
шошқа шаруашылығын дамыту;
отбасылық сүт шаруашылықтарын құрып, қала маңы аймағында сүт өндiрiсiн дамыту;
күнбағыс өндiрiсi;
тары өндiрiсi;
мың орта шаруа;
көктемгi дала жұмыстарына несие бөлу.
5.1.2. Ақпараттық-маркетингтiк жүйелер құру және өнiмдi өткiзу жүйесiн ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Бiртұтас ақпараттық-маркетингтiк жүйенi дамыту" алғашқы бағдарламасы шеңберiнде ауданның маркетингтiк қызметiмен модем байланысымен қамтамасыз ету көзделуде. Сонымен бiрге, барлық селолық округтердi қажеттi ұйымдастыру техникасымен (1 компьютермен қамтамасыз ету белгiленуде. Ол аудандық маркетингтiк қызметпен модем байланысын жүзеге асыратын болады.
Өсiмдiк және мал шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсi көлемiнiң ұлғаюына байланысты товар өткiзу мәселесi пайда болады. Сол үшiн Павлодар, Ақсу және Курчатов қалаларының базарларын пайдалану көзделуде.
"Ақсу-Конечная" темiр жолының iске қосылуы өнiмге сұранысты өсiрiп, өткiзу рыногын кеңейтуге көмектесетiн болады.
Жарма дақылдарын iске асыру үшiн облыста жұмыс iстейтiн "Жарма дақылдары" кооперативiнiң мүмкiндiктерiн пайдалану белгiленуде.
5.1.3. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн техникалық жарақтандыру Бағдарлама шеңберiнде:
машина-технологиялық станцияларды және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға беру пункттерiн ашуға күш салу, негiзгi құралдарды ауылда лизинг түрiнде жалдау жүйесiн дамыту;
өндiрiстiк-технологиялық және техникалық қызметтер көрсету үшiн қолда бар машина-технологиялық станциялар мен сервистiк пункттердi нығайтуға көмектесу көзделуде. МТС желiсiн дамыту жөнiндегi жұмысты жалғастыру көзделуде.
5.2. Инфрақұрылымды дамыту
Өндiрiстiк инфрақұрылымның даму деңгейi аудан экономикасының әлеуетiне, тұрғындарды қалыпты өмiр сүруге қажеттi қызметтермен және мүмкiндiктермен қамтамасыз ету деңгейiн көрсетедi.
Сумен жабдықтау, көлiк, жол пайдалану, телекоммуникациялар - негiзгi басты бағыттар болып белгiлендi.
Оларды жүзеге асыру мақсатында:
Баскөл ауылынан Майтбек ауылына дейiн ұзындыєы 114 км болатын суқұбырын қазiргi заманғы су дайындау жабдықтарын қолдана отырып, қайтадан iшiнара қалпына келтiру қарастырылсын. Басқа елдi мекендерде ауылды сумен жабдықтау дербес блок-жүйелерiн қолдану арқылы жүзеге асыру көзделуде;
тұрғындар талабын ескере отырып, маршрут желiсiн кеңейту көзделуде. Жолаушылар көлiктерiнiң иелерiн ауылдық жерлерде жолаушылар тасымалына арналған ашық тендерлерге қатысуға кеңiнен тарту қамтамасыз етiлсiн. Аялдамаларды көркейтудi қамтамасыз ету. Жолаушылар тасымалы үшiн неғұрлым қолайлы автобустар пайдалану көзделуде;
5.3. Әлеуметтiк саланы дамыту және қызметтердi пайдалану мүмкiндiктерiн қмтамасыз ету
5.3.1. Медициналық қызмет көрсету
Ауыл тұрєындарына селолық медициналық қызмет көрсету деңгейiн қала тұрғындарына қызмет көрсету деңгейiмен жақындастыра отырып, бірi пайдалана алатын алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету басты бағыт болып табылады.
Осы мақсатта Бағдарлама: облыстық бюджетте тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсетуге арналған қаржы бөлудi қамтамасыз етудi;
5.3.2. Бiлiм беру жүйесi
Азаматтардың мiндеттi орта бiлiм алу және оның сапасын арттыру жөнiндегi конституциялық құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Бағдарламада:
бар бiлiм беру мекемелерiнiң желiсiн сақтап қалу және оны ауыл тұрғындарының талаптарына сәйкес келтiру;
5-6 жастағы балаларды мектепке дейiнгi мiндеттi дайындықтан өткiзу;
мектеп жасындағы барлық балаларды мiндеттi оқумен қамту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
ауыл мектептерiн жаңа буынды компьютерлiк техникамен, оның iшiнде демеушiлердiң қаражаты есебiнен, қамтамасыз ету;
ауыл мектептерiн жаңа шыққан оқу-көрнекi құралдармен, оқулықтармен және әдiстемелiк әдебиетпен жабдықтау;
ауыл мектептерi мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiк деңгейiн үнемi арттыру;
қайырымдылық интернатын, балалар шығармашылығы үйiн, мектептер жанынан интернаттар ашу белгiлендi.
5.3.3. Мәдениет пен спортты дамыту
Ауыл тұрғындарын бос уақытта мәдени және ақпараттық-ағартушылық қызметтермен қамтамасыз ету; тұратын мекен- жайларының қашықтығына қарамастан, қалың бұқараны дене тәрбиесiмен және спортпен шұғылдануға тарту.
Бұл мақсатта:
мәдениет мекемелерiн - кiтапханаларды, клубтарды - қалпына келтiру;
аудандық Мәдениет үйiн шалғайдағы елдi мекендерге қызмет көрсету үшiн жылжымалы жұмылдыру кешенiмен қамтамасыз ету;
спорттық мекемелердi қажеттi спорт құралдарымен және жабдықтармен жабдықтау;
бар спорт алаңдары мен ғимараттарын iске қосып, дене тәрбиесiмен және спортпен айналысу үшiнәрбiр елдi мекенде спорт алаңдары құрылысын ұйымдастыру;
ауылда бұқаралық спорт және дене тәрбиесi - сауықтыру шараларын, ауылдық спорт ойындарын жүйелi түрде өткiзудi қамтамасыз ету;
дене тәрбиесi мен спорт арқылы салауатты өмiр салтын кеңiнен насихаттауды қамтамасыз ету көзделедi.
5.4. Шағын бизнес пен кәсiпкерлiктi дамыту
Шағын бизнес пен кәсiпкерлiктi бұдан әрi дамыту мақсатында:
қолөнерiн, халық және әйелдер кәсiпкерлiгiн дамытуға, кәсiпшiлiгiн жаңғыртуға ықпал жасау;
шағын бизнес субъектiлерiн ақпараттық және кеңестiк қостау жасау;
5.5. Тұрғындарды жұмыспен қамту санын өсiру, жұмыс орындарын құру және әлеуметтiк қорғау
Еңбекке орналастыру жұмысын ұйымдастыруды, оның iшiнде қоғамдық жұмыстардағы уақытша ақылы жұмыс орындарын, жаңа жұмыс орындарын құруды кейiн жұмысқа орналастырып , жұмыссыздарды өзiн-өзi жқмыспен қамтуға оқытуды көздеу.
Осы мақсаттарда:
еңбек рыногының қажетiн ескерiп, жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлау жұмысын жетiлдiру;
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
жергiлiктi шикiзатты, материалдарды және қызмет түрлерiн пайдаланып, халық қолөнерi саласында тұрғындардың өздерiн-өзi жұмыспен қамтуды қолдау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық жјне бақша өсiру үшiн жер учаскелерiн беру;
ауылда рыноктық инфрақұрылымды дамыту;
шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдай жасау, өз iсiн дамытуға тiлек бiлдiрген азаматтардың еңбектiк және кәсiпкерлiк ынтасын қолдау жоспарлануда.
5.6. Кадрларды оқыту
Басқару деңгейi және мемлекеттiк лауазымдар бойынша аудан кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру қажеттiлiгiне талдау жасау. Ауданның мемлекеттiк қызметшiлерiн оқытуды ұйымдастыруға әдiснамалық көмек көрсету, оқу-әдiстемелiк әдебиетпен, қазiргi бағдарламалармен және технологиялармен қамтамасыз ету, басқарушылық функциялар мен мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды жетiлдiру, олардың бiлiктiлiгiн арттыруєа бақылау жасау. Ауыл шаруашылығының проблемалары жөнiнде семинарлар ұйымдастыру. Ауданның мемлекеттiк қызметшiлерiн Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясына оқуға жiберудi тәжiрибеге енгiзу.
6. Қаржыландыру ресурстары мен көздерi
Жергiлiктi табиғи-өндiрiстiк және әлеуметтiк ресурстар, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаржы, кәсiпорындардың өз қаржылары, инвестициялар, банктердiң Бағдарламаны iске асыруға бөлген қаржылары Бағдарламаны жүзеге асырудың ресурстық негiзi болып табылады.
2001 жылға жоспарланып отырған қаржы көлемiнде облыстық бюджеттiң қаржысы 144,3 млн. теңгенi, банктердiң қаржысы 4,9 млн. теңгенi құрайды.
Келесi 2002 - 2003 жылдары көлемдер тиiстi жылға бекiтiлетiн бюджетке сәйкес анықталатын болады.
7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру нәтижесiнде тұрғындардығ тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн жүйенi қалыптастыру, нақты экономикалық су және кiрiстер мен шығындар жиынтығын көбейту негiзiнде ауданның барлық тұрғындарын сапалы әлеуметтiк игiлiктермен қамтылуға тең жол ашуды қамтамасыз ету көзделуде.
2001 жылы ауыл шаруашылыңында тарының жалпы өнiмiн 1000 тоннаға, арпаның өнiмiн -180 тоннаға, күнбағыс майы дақылдарын - 150 тоннаға дейiн арттыру көзделуде. Тары егiсi 3000 га, арпа -500 га, дәнге арналған күнбағыс - 500 га орын алады. Үй маңындағы учаскелердi дамытуды ескерiп, көкөнiс - бақша дақылдары мен картоп өсiру алаңдары ұлғаяды. Күнбағыс майын өндiру, тары өңдеу, ақтаған тары, шұжық өнiмдерi өндiрiсi жолға қойылады. Ауылшаруашылық малдың тұқымдық және өнiмдiлiк сапасы артады. Отбасылық сүт шаруашылықтары құрылады, өнiм өткiзу жұмысы ұйымдастырылады. Сервистiк қызмет көрсету көлемi ұлғаяды, материалдық-техникалық база жақсарады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.