Облыстық 2001 - 2003 жылдарға арналған «Табиғи қорғау есебінен ауыл шаруашылық айналымынан шығарылған аз өнімді жерлерді шалғындандыру» бағдарламасы туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 наурыз 2001 ж.

    Облыстық 2001 - 2003 жылдарға арналған «Табиғи қорғау есебінен ауыл шаруашылық айналымынан шығарылған аз өнімді жерлерді шалғындандыру» бағдарламасы туралы

    Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы А.Қ. Сәрсикеевтің облыстық "Табиғи қорғау есебінен ауыл шаруашылық айналымынан шығарылған аз өнімді жерлерді шалғындандыру" бағдарламасы туралы хабарламасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:

    1. Облыстық 2001 - 20003 жылдарға арналған "Табиғи қорєау есебінен ауыл шаруашылық айналымынан шығарылған аз өнімді жерлерді шалғындандыру" бағдарламасы бекітілсін.

    2. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет жыл сайын 10 қаңтар мен 10 шілде күніне орай облыстық Мәслихаттың табиңатты пайдалану және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына бағдарламаның орындалуы туралы хабарлайтын болсын.

    3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың табиғатты пайдалану және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Рамазанов Ж.Р.) жүктелсiн.

    II сайланған облыстық

    Мәслихаттың Х (кезектен тыс) сессиясының төрағасы

    О. Қайыргельдинов

    Облыстық Мәслихаттың хатшысы

    Т. Айтқазин

    II сайланған облыстық Мәслихаттың

    Х сессиясының 2001 жылғы

    № 13 наурыздағы шешiмiмен

    бекiтiлдi

    "Ауылшаруашылық айналымынан шығарылєан аз өнiмдi жерлердi 2001 - 2003 жылдары табиғат қорғау қаражаты есебiнен шалғындандыру" облыстық бағдарламасы

    1. Бағдарлама паспорты

    Аталуы: "Ауылшаруашылық айналымынан шығарылған аз өнiмдi жерлердi 2001 - 2003 жылдары табиғат қорғау қаражаты есебiнен шалғындандыру"

    Дайындау негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы "Жер туралы" № 2717 Жарлығының жердi ұтымды пайдалану туралы ережесi, жердiң құнарлылығын арттыру, сонымен қатар мал шаруашылығының жемазығын облыс тұрғындарының қосалқы шаруашылықтарын бекiту қажеттiлiгi

    Басты дайындаушылар: Облыс жер пайдалану департаментi, облыс қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық қоршаған ортаны қорғау Қоры

    Мақсаты: Ауылшаруашылық айналымынан шығарылған және жатып қалған аз өнiмдi жерлердi пiшендiк - жайылым жерлер айналымына тарту үшiн шалғындандыру

    Қаржыландыру: Облыстық қоршаған ортаны қорғау Қорының қаражаты

    Күтiлетiн нәтиже: Ауылшаруашылық айналымына мал шаруашылығының жемазығын облыс тұрғындарының қосалқы шаруашылықтарын нығайтуға ықпал болатын 5-10 ц/га пiшен шығады деген күтiммен қосымша ауылшаруашылық пайдаланатын жерлердi тарту.

    Сонымен бiр мезгiлде жердi құнарландыру өрбiп, ластануы, зиянкестермен және аурулармен дерттенуi, судан және желден бүлiну қаупi төмендейдi. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру облыста экологиялық және әлеуметтiк жағдайларға қолайлы әсер етедi.

    2. Кiрiспе

    Жер Қазақстан Республикасының негiзгi байлықтарының бiрi, халықтың ауқатты тұрмысының қайнар көзi болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы "Жер туралы" № 2717 Жарлығына сәйкес, жердегi шаруашылық қызметi табиғат қорғау технологиясын алдын ала ескеруi, қоршаған ортаның табиғатына зиян келмеуi мен экологиялық жағдайдың төменге құлдырауына жол бермеуi тиiс. Жердi қорғау ұғымына топырақ құнарлылығын қалпына келтiру және арттыру, су және желден бүлiнуден қорғау, ауылшаруашылық жерлер тұздануының, ластануының, зиянкестермен және аурулармен дерттенуiнiң, арамшөптер басуының алдын алу, тозған жерлердi қалпына келтiрудi iске асыру, олардың құнарлылығын қалпына келтiру, арттыру және ауылшаруашылық айналымына уақытында енгiзу кiредi.

    3. Мәселенiң қазiргi жай- күйiн талдау

    Павлодар облысында шамасы 1,7 млн.га жыртылған жер ауылшаруашылық айналымынан шығарылып, жер қорына жатқызылєан. Бұл көптеген жағдайларда қарашiрiгi аз, сортаң, бөлiнген аз өнiмдi жерлер, бiрақ олардың арасында қайта құрылған ауылшаруашылық құрылымдарында сұраныс таппаған едәуiр құнарлы жерлер де бар. Бұл жерлердi жер қорына ауыстыру барысында шалғындандырып, бiртiндеп жайылымға ауыстыру көзделген болатын. Бiрақ шын мәнiсiнде, олар құнсыз жер болып шықты. Жерлер тозған, арамшґп басқан, су мен желден бүлiну ошағы болып табылады.

    Сонымен бiрге, облыстың барлық елдi мекендерi жеке меншiк мал шаруашылыєына жайылым мен пiшен шабуға пайдаланылатын жердiң қатты жетiспеушiлiгiн сезiнедi, үйткенi елдi мекендер маңындағы пайдаланылатын жайылымдар тозған, малдан тапталған, өнiмдiлiгi өте төмен және желден бөлiну ошағы болып саналады, осының барлығы облысымыздағы онсыз да қиын экологиялық жағдайды бұдан әрi шиеленiстiрiп отыр. Жаңа жайылым мен пiшен шабуға пайдаланатын жерлердi игеруге немесе тозған жайылымдарды шалғындандыруға ауыл әкiмдерiнде қаражат жоқ.

    Бұл мәселе облыс тұрғындары қосалқы шаруашылықтары мал шаруашылығының жемазық негiзiн күшейту мақсатында пiшен немесе жайылымға пайдаланатын жер сапасында қолдану үшiн бұл жерлердi ауылшаруашылық айналымына қалпына келтiру және шалғындандыру жолымен енгiзу арқылы ғана шешiмiн табуы мүмкiн.

    Күштi жақтары: топырақ құнарлылығын қалпына келтiру, жерлердi желден, судан бүлiнуден, арамшөп басуынан және зиянкестер мен аурулармен дерттенуден қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту, жемазық өнiмдiлiгiн арттыру, мал шаруашылығының жемазық базасын нығайту нәтижесiнде облыс тұрғындарының әлеуметтiк жағдайын жақсарту.

    Әлсiз жақтары: жұмысты орындау үшiн жанар-жағармай құнының жоғарылылығы, шөп тұқымдарының жетiспеушiлiгi және жеткiлiксiз ассортиментi.

    Қауiп-қатерлер: қатал климат жағдайларының қолайсыздығы және атмосферада ылғалдылықтың жетiспеушiлiгi нәтижесiнде уақытында түгелдей көктемеу қатерi туады, немесе солардың қуаңшылықтан құруы мүмкiн.

    4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

    Осы Бағдарламаның мақсаты бiрiншi кезекте тұрғындардың қосалқы шаруашылығының мал шаруашылығы үшiн жемазық базасының жетiспеушiлiгiнен тапшылық көрiп отырған облыс iрi елдi мекендерiне жақын жерде орналасқан және ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылған аз өнiмдi жерлердi шалғындандыру болып табылады.

    Осының нәтижесiнде тыңайған жерлердi пiшендiк-жайылым айналымына енгiзу, топырақтыѕ құнарлылығын және жемазық өнiмдiлiгiн арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту мәселелерi шешiмiн табады.

    5. Бағдарламаның негiзгi баєыттары мен оны жүзеге асыру тетiгi

    Осы Бағдарламадағы белгiленген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн: жақсартуға жататын жер учаскелерiнiң қазiргi жағдайына талдау жасау; жер учаскелерiн таңдау;

    2001 - 2003 жылдарға арналған жұмыс көлемiн қамтамасыз ету үшiн жоспарлық-сметалық құжаттарды әзiрлеу;

    конкурстық негiзде шалєындандыру жобаларын игеруде орындаушысын iрiктеу;

    шалғындандыру жолымен аз өнiмдi жерлердi жақсарту;

    авторлық қадағалауды жүргiзу ескерiледi.

    Бағдарламамен 2001 - 2003 жылдары барлығы 4900 га көлемiнде аз өнiмдi жерлердi жақсарту жұмысы көзделедi, соның iшiнде:

    2001 жылы - 1440 га;

    2002 жылы - 1880 га;

    2003 жылы - 1660 га.

    Осы аталған Бағдарламаға сәйкес "Павлодар ЖерҒӨО" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны тиiстi жұмыс көлемдерiне сәйкес тозған және құнарсыз жерлердi қалпына келтiру жобаларын әзiрлейдi.

    Жұмыс объектiсiн таңдау кезiнде бiрiншi кезекте экологиялық қажеттiлiк, қайсы бiр елдi мекен жанында орналасқан жайылымның тозу дәрежесi, мал басының саны, алқаптық және басқа да табиғи шөп шалғындығының барлығы ескерiледi.

    Жердi қалпына келтiру және шалғындандыру жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн конкурстық негiзде әрi қарай игерiлген жерлердi селолық округтерге берумен мердiгерлiк ұйымдар тартылатын болады.

    Бастапқы деректер:

    жоспарлау-зерттеу материалдары;

    жер учаскелерiн таңдау актiлерi;

    топырақтың, топырақ-агрохимиялық және геоботаникалық карталарымен оқып бiлумен өсiмдiктердiң қазiргi жағдайына талдау жасау және оларды жақсарту жөнiнде ұсыныстар;

    техника, тұқым, жанар-жағармай материалдарының қажеттiлiгiн есептеу;

    1 га жердi шалғындандыру құнының есебi.

    6. Бағдарламаны қаржыландырудың қажеттi қорлары және көздерi. Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн қаржыландыру қорының есебi

    2001 жылы 1 га жердi шалғындандыру құны 6954,0 теңгенi құрайды. Жыл сайынғы 10% ақшаның құнсыздануы деңгейiн ескере отырып 1 га жердi шалғындандыру шығыны (шамамен): 2002 жылы- 7645,0 теңге, 2003 жылы - 8409,0 теңге құрайтын болады.

    Жердi шалғындандыру жұмыс көлемi мен шығыны;

    2001 жыл = 1440 га х 6950 теңге (1га шығыны) = 10,0 млн.теңге 2002 жыл = 1800 га х 7645 теңге (10% ақшаның құнсыздануы деңгейiн ескере отырып 1 га шыңыны) = 13,8 млн. теңге

    2003 жыл = 1660 га х 8409 теңге (10% ақшаның құнсыздануы деңгейiн ескере отырып 1 га шығыны) = 13,9 млн. теңге

    Баңдарламаның жалпы құны 40,3 млн. теңге, соның iшiнде жоспарлы-iзденiс жұмыстары - 2,8 млн. теңге.

    2001 жыл - 10,5 млн. теңге, соның iшiнде жоспарлы-iзденiс жұмыстары - 0,5 млн. теңге.

    2002 жыл - 15,0 млн. теңге, соның iшiнде жоспарлы - iзденiс жұмыстары - 1,2 млн. теңге

    2003 жыл - 15,0 млн. теңге, соның iшiнде жоспарлы - iзденiс жұмыстары - 1,1 млн. теңге.

    Қаржыландыру күзi

    Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының қаражаты.

    Қаржыландыру тәртiбi

    Жанар-жағармай материалдары мен тұқымдарды сатып алу үшiн толық жұмыс құнының 30% мөлшерi аванс бөлу арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген жұмыс кезеңдерiн (технологиялық операцияларды) орындау барысында тиiстi актiлер негiзiнде аралық қаржыландыру жүзеге асырылады. Ақырғы төлем барлық жұмыс көлемi орындалғаннан және шалғындандырылған жер ауылдық аймақтарға берiлгеннен кейiн жүргiзiледi.

    7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже

    Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде ауылшаруашылық айналымына ауылшаруашылыққа пайдаланатын қосымша 4900 га көлемiндегi жер тартылады. Күтiлген пiшен түсiмдiлiгi шалғындандыру жұмысы нәтижесiнде шөп шығындылығының екiншi - төртiншi жылдарында табиғи аймаққа байланысты 5 -10 ц/га құрайды. Кейiнгi жылдары (5 және одан ірi) олар ауылшаруашылық аймақтары үшiн жайылым жер ретiнде қолданылады. Жердi шалғындандыру оларды құнарландыру, ластану деңгейiнiң төмендеуiне, зиянкестермен, бiрiншi кезекте шегiрткелер тұқымдасымен дерттенуi, желден және судан бөлiну қаупiнiң төмендеуiне әкеледi, бұл облыстағы экологиялық жағдайға қолайлы әсер етедi. Елдi мекендерге жақын орналасқан қосымша бөлiнген пiшендiк және жайылымдық жерлер - мал шаруашылығы жемазығын тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарында тұрақтандыруға мүмкiндiк туғызады. Бұл "Мың орта шаруа", "Тұрғындардан сүт сатып алу", "Облыс қалалары маңдарында сүт аймақтарын дамыту" сияқты облыстық бағдарламалардың, сонымен қатар әзiрленiп жатқан отбасылық сәт фермаларын құру бағдарламасының табысты жүзеге асуына әсер етедi. Аталған бағдарламаларды табысты жүзеге асыру мал басы санының күбеюiне, мал шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiнiң ұлғаюына және меншiктiң әр түрлi нысандағы шаруашылықтары кiрiсiнiң артуына мүмкiндiк туғызады.

    Осылайша, Бағдарламаны жүзеге асыру екi ауқымды экологиялық және әлеуметтiк мәселенi шешуге мүмкiндiк туғызады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.