2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    2016 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және 20 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.

    2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.

    3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.

    4. «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

    1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны Бәйдібек ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

    3) осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.

    6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі:

    Б.Көшербай

    Бәйдібек ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «05»наурыздағы

    №48 қаулысымен бекітілген

    2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізелетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландыру көздері.

    қ/с
    Ұйымдардың атауы
    Қоғамдық жұмысқа қатысушы лар саны
    Қоғамдық жұмыстардың түрлері
    Қаржы ландыру көздері
    Көле мі
    1
    Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері
    38
    Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсету
    Жергілікті бюджет
    3 ай
    2
    Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараттары, Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
    150
    Аймақты көріктендіруге қатысу
    Жергілікті бюджет
    1 ай
    3
    Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараттары, Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
    60
    Аулаларды көгалдандыру және ағаш отырғызу
    Жергілікті бюджет
    1 ай
    4
    Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері, Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
    64
    Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмек көрсету
    Жергілікті бюджет
    1 ай
    Барлығы
    312
    Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.