Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін 2001 жылы бюджеттік несиелендіру тәртібі жөніндегі нұсқау туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін 2001 жылы бюджеттік несиелендіру тәртібі жөніндегі нұсқау туралы

    Ақмола облыстық мәслихатының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы «2000 жылғы облыстық бюджет туралы» № С-6/4 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-11 Заңына және, ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған «ҚР Үкіметі мен ҚР жергілікті атқару органдарының несие беру Ережесін бекіту туралы» № 1440 қаулысына сәйкес облыс әкімі шешім қабылдады:

    1. 2001 ж. Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу тәртібі туралы нұсқауды басшылыққа алып облыстық бюджет қаржысынан несиелеуді жүзеге асыру (қосымша).

    2. Бюджеттік несиелеу бағдарламасының әкімшісі болып облыстық экономика жөне шағын бизнесті дамыту басқармасы белгіленсін.

    3. Бағдарламаның әкімшісі бөлінген бюджеттік қаражаттың мерзімді және толық пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

    5. Осы шешімнің орындауын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.

    6. Облыс әкімінің 22 мамыр 2001 жылғы № 106 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелендіру жөніндегі комиссия құрамы туралы» шешімінің күші жойылсын.

    С.Кулагин

    Қосымша 1

    Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін 2001 жылы бюджеттік несиелендіру тәртібі туралы НҰСҚАУ

    Бұл нұсқау ҚР Үкіметі 2000 жылғы қыркүйектің 22-сі күні қабылдаған «ҚР Үкіметі мен ҚР жергілікті атқару органдарының несие беру Ережесін бекіту туралы» № 1440 қаулысына сәйкес әзірленген.

    1. Жалпы ережелер

    1. Бюджеттік несиелеудің негізгі мақсаты облыстық мәслихаттың IX кезектен тыс сессиясы 2001 жылғы 11 мамырда өз шешімімен бекіткен Ақмола облысының шағын кәсіпкерлікті 2001-2002 ж.ж. дамыту және қолдау аймақтық бағдарламасын орындау болып табылады.

    2. Бюджеттік несиелеу мақсаттандырылған болып табылады және ең алдымен Ақмола облысының шағын кәсіпкерлікті 2001-2002 ж.ж. дамыту және қолдау бағдарламасында белгіленген басымдылық бағыттарын несиелеуге бөлінеді.

    3. Шағын бизнесті дамытуға бөлінген облыстық бюджет қаражаты ҚР 1997 жылғы маусымның 19-ы қабылданған «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» № 131-1 Заңының 3 бап талаптарына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге арналған.

    4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу үшін Несиеші (облыс әкімі), Басқарма (облыстық қаржы басқармасы), банк-беруші («Қазақстан халық банкі» ААҚ Ақмола аймақтық филиалы) және бағдарламаның әкімшісі (облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы) арасында Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу туралы келісім-шарты жасалады.

    5. Облыс әкімиятының қаулысымен кеңестік-мәжілістік орган - облыс әкімінің жанында шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу бойынша Комиссия құрылады (бұдан былай - Комиссия).

    6. Несие беру немесе оны бермеу туралы, сондай-ақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы шешімді Комиссия қабылдайды.

    7. Бюджеттік несиелеуді орындау тәртібін несиеші банк-берушімен келісіп бекіткен осы нұсқаумен ҚР Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысына және осы мәселе бойынша басқа заңды актілерге сәйкес реттейді.

    2. Бюджеттік несиелеу шарттары

    8. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу қысқа мерзімді немесе орта мерзімді несиелеу түрінде, бірақ 2 жылдан асырмай жүзеге асырылады. Мүдделі жақтардың келісімімен несиені мерзімінен бұрын қайтару қарастырылуы мүмкін.

    9. Бір несие алушыға берілетін несиенің ең көп мөлшері 2,0 млн. теңгеден аспауы керек. Ерекше жағдайларда, егер бағдарламаның жобасы облыста ең маңызды инвестиция бағдарламасын шешетін болып табылса, бір несие алушыға берілетін несие мөлшері көп сомаға көбейтілуі мүмкін. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-жобаларын банк-берушінің меншікті қаражатымен қосымша қаржыландыруы мүмкін.

    10. Бюджеттік несиелер ұлттық валютамен (теңге) жеделдік, төлемдік, қайтарылымдық шартта беріледі.

    11. Бюджеттік несиелер банк-берушіге қаржыландыру сомасына байланысты - жылына 11 - 22 % ынталандырумен беріледі. Ынталандыру ставкасы банк кірісіне енгізіледі, Бағдарламаның әкімшісі одан алмайды.

    12. Несие алушыларға қойылатын негізгі талаптар:

    1) бюджеттік несиелерді мерзімінде қайтару бойынша тиісті мүмкіншіліктің болуы;

    2) бұрынғы алынған несиелер бойынша қарыздың болмауы;

    3) берілген несиені мақсаттылықпен пайдалану.

    13. Банк-беруші берілген несиенің толық және мерзімінде қайтарылуына өз активтерімен жауапты болады.

    3. Бюджеттік несиелеу тәртібі.

    14. Несие алушы облыстың аудан, қала әкімияттарына несиелік өтініш пен бизнес-жобасын тапсырады.

    15. Тапсырылған несиелік өтініштер мен бизнес-жобалар ауданның қоғамдық-эксперттік комиссия отырыстарында қаралады.

    16. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін бюджеттік несиелеу туралы шешім қабылданған жағдайда несиелік өтініштер мен бизнес-жобалар залогтік қамсыздандыруды растайтын құжаттармен бірге облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасына (бұдан былай - бағдарлама әкімшісі) жіберіледі. Несие берілмейтін жағдайда несие сұраушыға себебі көрсетіліп жазбаша жауап берілуге тиіс.

    17. Бағдарламаның әкімшісі келген құжаттарды залогтік мүлікті қарауға және бағалауға банк-берушінің несие бөліміне жібереді.

    18. Банк-берушінің оң тұжырымын алған жобалар бағдарламаның әкімшісіне жіберіледі, оң тұжырым алмағандар несие алушыға өңдеуге қайтарылады.

    19. Бағдарламаның әкімшісі банктің оң тұжырымы бар жобаларды Комиссия отырысында қарауға жібереді.

    20. Комиссия қолдаған және бекіткен жобалар комиссия отырысының хаттамасымен банк-берушіге жіберіледі, ол несие алушыға бюджеттік несие беру үшін негіз болып табылады.

    21. Комиссия отырысының көшірмесі облыстық қаржы басқармасына жіберіледі, ол банк-берушіге ақша аудару үшін бағдарлама әкімшісіне қаражат бөлуге негіз болып табылады.

    4. Қаражатты қайтару тәртібі.

    22. Берілген несиелерді қайтаруды несие алушы несиені ңақты қайтарған күннен бастап үш банктік күн ішінде облыстық бюджет шотына төлемдік тапсырма арқылы банк-беруші жүзеге асырады.

    23. Бағдарлама әкімшісі берген қаражат бойынша қарызды қайтармаған жағдайда банк-беруші кепілдікке қойылған затты өндіріп алуды қолдану арқылы несиені мәжбүрлікпен қайтаруға шаралар қолданады.

    24. Несие алушы қарызды нақты өтегеннен кейін банк-беруші қаражатты облыстық бюджет шотына мерзімінде қайтармаса әр созылған күн үшін ҚР Ұлттық банкінің бейқаржыландыру ставкасының 1,5 мөлшерінде өсім есептеледі.

    25. Несие алушы несиені мерзімінде қайтармаған жағдайда, егер банк-беруші қолданған процедуралық нормалар қарызды 6 айда қайтаруға әкеліп соқпаса, банк бюджетке қаражатты өзінің меншікті ақшасы есебінен қайтаруды қамтамасыз етеді.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.