Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемесін құру туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 желтоқсан 2001 ж.

    Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемесін құру туралы

    Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

    1. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң ЖД-158/6 түзеу мекемесi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын.

    2. Қылмыстық-атқару жүйесi штат санының лимитi шегiнде мекеменiң штат санының лимитi 20 бiрлiк мөлшерiнде бекiтiлсiн.

    3. Мекеменi ұстау шығындары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне көзделген қаражат шегiнде жүргiзiледi деп белгiленсiн.

    4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамамен белгiленген тәртiппен:

    1) мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

    2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.

    5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755 қаулысымен.

    6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.