«Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын» іске асырудың барысы туралы
Облыста спорттың 41 түрі таралған, онда 50 мыңнан астам адам спорт және дене тәрбиесімен тұрақты түрде шұғылданады.
Облыста спорттың олимпиадалық басымдықтағы түрлері садақ ату, әйелдер дзюдосы, грек-рим күресі, көгалдағы хоккей, еркін күрес, бокс, велосипед болып табылады.
Жұмыстар 20 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде жүргізілуде, оларда 7836 балалар мен жасөспірімдер шұғылданады. Үстіміздегі жылы Орал қаласында велосипед спорты мен бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектептері құрылды, олардың материалдық-техникалық базасын ұйымдастыру үшін қажетті қаражат бөлінді.
Жаңа оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі бойынша аптасына 3 сағаттық сабақ және қыздар мен балалардың дене тәрбиесі сабақтарын бөлек оқуы енгізілді.
Облыста 2 стадион, ж.зу бассейіні, шаңғы базасы, 255 спорт залы, 860 спорт құрылыстары, 120 спорт тирлері жұмыс істейді.
Үстіміздегі жылдың 9 айында 802 спорт шаралары өткізілді, оған 46 мыңнан астам адам қатысты.
Орал қаласында бірінші рет Ресей, Өзбекстан, Қазақстан спортшыларының қатысуымен кәсіпқой боксшылардың рейтингтік кездесуі өткізілді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылға чемпионатының қорытындысы бойынша «Конденсат» спорт клубының ерлер волейбол командасы бірінші орынды жеңіп алды. Облыстың жас волейболшылары республика чемпионатында қолы медалға ие болды. Допты хоккейден 1 топтағы командалар арасындағы Ресей біріншілігіне «Орда» командасы қатысуда. Көгалдағы хоккейден «Уралочка» әйелдер командасы жоғары топтағы командалар арасындағы Ресей чемпионатына қатысу мәртебесін жеңіп алды. Ол көгалдағы хоккейден республика құрамасының базалық командасы болып табылады.
Үстіміздегі жылы спортты дамытуға 97,2 млн. теңге бөлінді, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегіден 1,6 есе артық.
Сонымен қатар спорт құрылыстарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту, спорт ұйымдарын жабдықтармен және мүліктермен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар алу қажет. Жаттықтырушылардың балалар-жасөспірімдер спорт мектептері басшылары мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыру жүйесі болмай отыр.
Облыстық туризм және спорт басқармасы бастығының есебін тыңдап және талқылай отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Обыстық туризм және спорт басқармасына , аудандардың және Орал қаласының әкімдеріне:
1) бұқаралық спорт дамыту, жаңадан спорт-сауықтыру кәсіпорындарын, құрылыстар құру және спорт объектілерін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды күшейтсін;
2) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің және спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтсын;
3) спорт қоғамдары мен клубтарын құруға, бұл жұмыстарға білім ұйымдарының, сондай-ақ басқа еңбек ұйымдарын тартуға жәрдем көрсетсін;
4) бұқаралық спортты дамытуға демеушілер қаржысын тартуға мүмкіндіктер жасасын;
5) дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2005 жылға дейінгі жергілікті бағдарламаларын әзірлесін және бекітсін;
6) жаттықтырушы кадрларды іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмыстарды жақсартсын, олардың біліктілігін арттыруға көмектер көрсетсін;
7) спорт құрылыстарын, жабдықтарын және мүліктерін тиімдірек пайдалану мақсатында оларға түгендеу жүргізсін.
2. Орал қаласының әкімі және облыстық туризм және спорт басқармасы Орал қаласында спортшыларды олимпиадаға даярлау орталығын, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатын және ат спорты жөніндегі балалар-жасөспірімдер облыстық мектебін құру жөнінде шаралар алсын.
3. Облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Нұрғалиев және облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы М.Б.Нұрғалиев спорттың басым түрлері бойынша федерация төрағалығына облыстық ұйымдар басшылары ішінен кандидаттар жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
4. Орал қаласының әкімі В.Қ.Мұқатаев, облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы М.Б.Нұрғалиев П.Атоян атындағы стадионды көріктендіру және қайта жаңғырту жұмыстарының 2002 жылы орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы, облыстық туризм және спорт басқармасы Орал қаласындағы мұз айдыны бар спорт сарайын қазіргі заңнамаларға сәйкес сенімді басқаруға беруді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ә.Өтемісовке жүктелсін.
Облыс әкімі
Қ.Көшербаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.