«Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма» мемлекеттік мекемесі туралы
Экономиканың жеке секторын жемісті дамыту, Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және 1997 жылғы 19 шілдедегі № 131-1, 135-1 «Жеке кәсіпкерлік жөніндегі» Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру жөніндегі іс-шаралар туралы» № 3398 Жарлығын ел Президентінің «Қазақстан-2030» Жолдауындағы идеяларды іс жүзінде іске асыру мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Заңды тулға құқында «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Басқарманың штаттық кестесі 10 адам болып айқындалсын, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма құрылымы /қосымша қоса беріледі/ бекітілсін.
4. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқарма ауыл шаруашылық департаментінің жалпы штаттық лимитін 5 облэконом басқармасын 5 адамға қысқарту есебінен жасалсын.
5. Ауыл шаруашылығы департаментінің қызметтік жеңіл автомобильдер санының лимиті 1 бірлікке кемітіліп отырып, ол жаңа құрылған басқармаға берілсін.
6. Облыстық қаржы басқармасы /Сутулов Ф.Ф./ облыстық бюджеттен ассигнациясында жаңадан құрылған басқарманы ұстаулы кездессін.
7. Облыстық қазыналық басқарма /Клебан В.И./ шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі облыстық басқармаға ағымдағы есеп-шот ашсын.
8. ОСы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Вербнякке жүктелсін.
Облыс әкімі
Д.Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.