Зейнетақы реформасын ақпаратты қамтамасыз етудің 1998 жылға шаралар жоспары туралы
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы заңының күшіне енуіне байланысты, облыста зейнетақы реформасының негіздерін насихаттау және халыққа түсіндіру барысында атап айтарлықтай жұмыстар жасалды. Семинар - кеңестер ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсініктер берілді, еңбек ұжымдарында кездесулер өткізілді. Аталған шаралар зейнетақы негіздерін насихаттауда өз жемісін берді.
Алдағы уақытта зейнетақы негіздерін насихаттау мен түсіндіру жұмыстары және белгіленген жоспарларын орындау негізінен қалалық, аудандық әкімдерге, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына, меншік түрлеріне қарамастан, өндіріс орындары мен мекемелердің басшыларына, ақпарат құралдарына жүктеледі және олардың күнделікті назарында болуға тиіс.
Зейнетақы реформасын және облыс тұрғындарын зейнетақымен қамсыздандырудың кезек күттірмейтін мәселелерін шешу мақсатында ОБЛЫС ӘКІМІ ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зейнетақы реформасын ақпаратты қамтамасыз етудің 1998 жылға шаралар жоспары бекітілсін. (Қоса жалғанады).
2. Шаралар жоспарының уақытылы орындалуына жауапкершілік қалалық, аудандық әкімдерге, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә. Ермұқанов) мен облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына (А. Рсалин) тапсырылсын.
3. Зейнетақы реформасын ақпаратты қамтамасыз ету жоспарының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Е. Иманқұловқа жүктелсін.
ОБЛЫС ӘКІМІ
А. МУСИН
Облыс Әкімінің 1998 жылғы
маусым айының 12 күнгі
№ 97 Шешімімен бекітілген
Зейнетақы реформасын ақпаратты қамтамасыз етудің 1998 жылға шаралар жоспары
|
1998 жылғы негізгі ақпаратты насихат шаралары
|
Шараларды өткізу орны мен мерзімдері
|
Шараларды орындауға
жауапты қызметкерлер
|
Шараларды
орындалуын
бақылауға
жауаптылар
|
|
|
1.
|
Төмендегі категориялар үшін жаңа зейнетақы мәселелері бойынша аймақтық семинар-кеңестер өткізу:
Барлық меншік түрлеріндегі мекемелер мен өндіріс орындарының басшылары, есеп-қисап қызметкерлері, экономистер, қоғамдық ұйымдар өкілдері, журналистер баспасөз орындарының, радио мен теледидар басшылары.
|
Ақтөбе қаласы 1998 жылдың сәуір айы
|
Қала Әкімі облыстық
еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
басқармасымен бірге
|
Облыс әкімінің орынбасары Е. Иманқұлов,
облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Ә. Ермұқанов
|
|
Ақтөбе қаласы, 1998
жылдың мамыр айы
|
Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы облыстық кәсіподақтар
кеңесімен бірге.
|
« - »
|
||
|
Хромтау қаласы 1998 жылдың маусым айы
|
Хромтау, Әйтеке би, Ырғыз аудандарының,
Әкімдері мен әлеуметтік қорғау бөлімдерінің меңгерушілер.
|
Облыстық еңбек және халыққа әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Ә. Ермұқанов
|
||
|
Мәртөк поселкесі,
1998 жылдың тамыз
айы
|
Алға, Қарғалы, Мәртөк,
Қобда, Ойыл аудандарының Әкімдері мен
әлеуметтік қорғау бөлімдерінің меңгерушілері
|
« - »
|
||
|
Шұбарқұдық
поселкасы, 1998 ж.
қыркүйек айы
|
Темір, Байғанин, Мұғалжар, Шалқар аудандарының Әкімдері
мен әлеуметтік қорғау
бөлімдерінің меңгерушілері
|
« - »
|
||
|
2.
|
Жаңа зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша мақалалар жариялау.
Баспасөз беттерінде, радио мен теледидардан «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңды, зейнетақы төлеу Мемлекеттік орталығының, зейнетақы жинақтау қорларының жұмыс әдістерін түсіндіру.
|
1998 ж. тұрақты
түрде
|
Облыстық «Ақтөбе»,
«Актюбинский вестник», қалалық «Қала тынысы - городские новости»,
аудандық газеттердің
редакторлары
|
Облыс Әкімінің
орынбасары Е. Дошаев,
облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының
бастығы А. Рсалин
|
|
3.
|
Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу, зейнетақы реформасы мен жүйесі жайында азаматтардың сұрақтарына жауап беру мақсатында теледидар мен радиодан «Тура эфир» , «Сұрақ - жауап» хабарларын өткізіп отыру. Теледидар мен радиодан облыстық, қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары мен аудандық әлеуметтік қорғау бөлімдерінің меңгерушілерінің, зейнетақы төлеу орталығы басшысының,
мамандарының түсініктер беріп тұруын ұйымдастыру.
|
1998 - ші жыл бойы, ай
сайын
|
Облыстық, қалалық
халықты әлеуметтік
қорғау басқармаларының,
аудандық әлеуметтік
қорғау бөлімдерінің,
облыстық қаржы басқармасы мен халықтық банкі басшылары, мамандары
және теледидар, радио басшылары
|
Облыс Әкімінің орынбасары
Е. Дошаев, облыстық
әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы
Ә. Ермұқанов, облыстық ақпарат және қоғамдық
келісім басқармасының
бастығы А. Рсалин
|
|
4.
|
Әлеуметтік қорғау мекемелерінің, облыстық қаржы басқармасы мен зейнетақы жинақтау қорлары өкілдерінің
қатысуымен зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне арналған «Ашық есік» күндерін, күнделікті жұмыс
істейтін баспасөз орталықтарын ұйымдастыру.
|
Жыл бойы,
әр тоқсанда 1-2 рет.
|
Облыстық еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау басқармасы
|
Облыс Әкімінің орынбасары Е. Иманқұлов
|
|
5.
|
Еңбек ұжымдарында, азаматтар жиналған жерлерде кездесулер ұйымдастырылып, олардың қорытындыларын баспасөз бетінде жариялап отыру.
|
1998 - ші жыл бойы кемі айына 1-2 рет
|
Ауылдық округтер
Әкімдері мен ұжымдар
басшылары
|
Облыс Әкімі аппаратының басқарушысы А. Есіркепов
|
|
6.
|
Зейнетақы мәселелері мен зейнетақы реформасы бойынша теледидардан, радио мен баспасөз беттерінде хабарламалар жариялау. Тұрғындарды жаңа зейнетақы жүйесі мен реформаға байланысты заңдылық актілерімен, зейнетақы, жәрдемақы жүйесіндегі оларды төлеу мен жеңілдіктер берудің өзгерістерімен, қосымшалармен таныстырып отыру. Зейнетақы мәселелері бойынша жарнамалар көрнекті құралдарын дайындап, оларды адамдар көп болатын алаңдарға, аэропорт пен вокзалдарға, кинотеатрлар жанына және сауда алаңдары мен базарларға орналастыру.
|
Жыл бойы, айына 2 рет
|
Облыстық қалалық,
аудандық әлеуметтік
қорғау басқармалары мен бөлімдері, облыстық, қалалық, аудандық газеттер редакторлары,
теледидар –радио облыстық корпорациясы
|
Облыс Әкімінің орынбасары Е. Дошаев,
облыстық еңбек басқармасының бастығы
Ә. Ермұқанов
|
|
7.
|
Облыс тұрғындары мен зейнетақы жүйесіне қатысты барлық құрамдар үшін түсініктемелер, кітапшалар, әдістеме -
ұсыныстар шығару.
|
1998 – ші жыл, шілде айы.
|
Облыстық еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау басқармасы,
«Полиграфия» АҚ
|
Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының
бастығы Ә. Ермұқанов
|
|
8.
|
Азаматтардың хаттарына, арыз - шағымдарына шолу және талдау жасау, оның қорытындыларын баспасөзде жариялап, теледидар мен радиодан беріп тұру.
|
Тоқсан сайын
|
Облыстық еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау басқармасы,
теледидар - радио
корпорациясы
|
Облыс Әкімінің орынбасары Е. Дошаев облыстық еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау басқармасының
бастығы Ә. Ермұқанов
|
Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Ә. ЕРМҰҚАНОВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.