Мұғалжар ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылған деп танылсын.
С. Шаңғұтов
Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 236 қаулысына қосымша
Мұғалжар ауданы әкімдігінің күші жойылуға жататын қаулыларының тізбесі
1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 404 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» қаулысы. Әділет департаментінде 2011 жылғы 10 қарашада № 3-9-153 болып тіркелді.
2. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 405 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» қаулысы. Әділет департаментінде 2011 жылғы 10 қарашада № 3-9-154 болып тіркелді.
3. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 440 «Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 405 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы». Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 қарашада № 3445 болып тіркелді.
4. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 05 қазандағы № 362 "Қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 18 қазандағы № 405 қаулысына өзгеріс енгізу туралы. Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қазанда № 4545 болып тіркелді.
5. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 06.04.2015 жылғы № 123 «2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметіне шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысы. Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 сәуірде № 4295 болып тіркелді.
6. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 20.10.2014 жылғы № 326 Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 162 "2014 жылдың сәуір – маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы. Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 қарашада № 4055 болып тіркелді.
7. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 333 "Мұғалжар ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2013 жылғы 17 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы. Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте № 4527 болып тіркелді.
8. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 18 «Мұғалжар ауданының ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесін құру туралы». Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 наурызда № 4759 болып тіркелді.
9. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 19 «Мұғалжар аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі мекемесінің атауын өзгерту туралы». Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 наурызда № 4760 болып тіркелді.
10. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 492 «2016 жылға Мұғалжар ауданы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздерін бекіту туралы» қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 02 ақпанда № 4731 болып тіркелді.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.