Мәслихаттың 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 12 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 12 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда «Наш Костанай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1, 2 - қосымшалар осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, № 18 сайлау округі бойынша депутаты
М. Бут
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы
Б. Сандыбеков
«Қостанай қаласы әкімдігінің
ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________З. Жилкибаева
«05» шілде 2016 жыл
Мәслихаттың
2016 жылғы 05 шілдедегі
№ 52 шешіміне 1-қосымша
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1-қосымша
Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары
|
№ р/с
|
Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары
|
|
1
|
Тың игерушілер алаңы
|
|
2
|
Жеңіс паркі
|
Мәслихаттың
2016 жылғы 05 шілдедегі
№ 52 шешіміне 2-қосымша
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 2-қосымша
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
|
№ р/с
|
Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары
|
|
1
|
Орталық алаң – Жеңіс паркі (Қостанай облыс әкімдігінің ғимараты алдындағы орталық алаң – Баймағамбетов көшесі – Жеңіс көшесі – Жеңіс паркі)
|
|
2
|
Қостанай қаласының жағалауы – Сити-центр (Қостанай қаласының жағалауы (орталық кіре-беріске іргелес аумақ) – Әл-Фараби даңғылы – Сити-центр (субұрқаққа іргелес аумақ))
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.