Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, « Тұрғын үй қатынастары туралы » 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қала әкімінің міндетін атқарушы
Е.Теменов
2016 жылғы «22» маусымдағы
№ 1473 әкімдігінің қаулысына
қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
1. Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 29 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 67 (алпыс жеті теңге) мөлшерінде;
2. Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 135 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 38 (отыз сегіз теңге) мөлшерінде;
3. Қостанай қаласы, Наурыз көшесі, 7 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 38 (отыз сегіз теңге) мөлшерінде;
4. Қостанай қаласы, Воинов-Интернационалистов көшесі, 2/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 58 (елу сегіз теңге) мөлшерінде;
5. Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі, № 6/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 82 (сексен екі теңге) мөлшерінде;
6. Қостанай қаласы, Урожайная көшесі, 33 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 43 (қырық үш теңге) мөлшерінде;
7. Қостанай қаласы, Урожайная көшесі, 33/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 45 (қырық бес теңге) мөлшерінде;
8. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 4Б үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 52,57 (елу екі теңге, елу жеті тиын) мөлшерінде;
9. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 8А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 52,25 (елу екі теңге, жиырма бес тиын) мөлшерінде;
10. Қостанай қаласы, А. Мирошниченко көшесі, 3А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 51,75 (елу бір теңге, жетпіс бес тиын) мөлшерінде;
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.