Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі
Қ. Ахметов
Федоров аудандық
мәслихатының хатшысы
________________Б. Бекенов
Әкімдіктің
2016 жылғы «21» маусым № 189
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы;
7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
8) ассистент.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) әдіскер;
4) барлық мамандықты мұғалімдері;
5) аккомпаниатор;
6) тәлімгер;
7) тәрбиелеуші;
8) жүзу бойынша нұсқаушы;
9) дене тәрбиесі нұсқаушысы;
10) музыкалық жетекші;
11) қосымша білім беретін педагог;
12) ұйымдастырушы педагог;
13) педагог - психолог;
14) әлеуметтік педагог;
15) логопед;
16) бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
17) мейірбике (мейіргер);
18) кітапханашы;
19) интернат меңгерушісі.
3. Мәдениет мамандары лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы ;
2) көркемдік жетекшісі;
3) кітапхана меңгерушісі;
4) аккомпаниатор;
5) кітапханашы;
6) дыбыс жазу операторы;
7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
9) музыкалық жетекші;
10) вокал бойынша репетитор;
11) хормейстер;
12) барлық атаудағы суретшілер ;
13) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер).
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының орынбасары;
3) жаттықтырушы - оқытушы;
4) аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;
5) жаттықтырушы;
6) әдіскер;
7) (мамандандырылған) медициналық бике/аға.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринариялық дәрігер;
2) ветеринариялық фельдшер.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.