Железин ауданы Ақтау селолық округінің Березовка селосындағы көшені қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 маусым 2016 ж.

    Железин ауданы Ақтау селолық округінің Березовка селосындағы көшені қайта атау туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақтау селолық округінің Березовка селосы тұрғындарының пікірін ескеріп және 2015 жылғы 2 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Ақтау селолық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Железин ауданы Ақтау селолық округінің Березовка селосындағы «Ленин» көшесі «Жеңіс» көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Селолық округ әкімі

    М. Сагиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.