«2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 263 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 263 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

    «Жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5- бабы 2- тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2016 жылға Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 263 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4273 тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 104 (613), «Пульс района» газетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 104 (6932) жарияланған) қаулысына келесідей өзгертулер енгізілсін:

    аталған қаулының 3 - тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

    «3. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;

    аталған қаулының 2, 15 – тармақтары алынып тасталсын;

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Г. Акулов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.