«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 23 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 шілде 2016 ж.

    «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 23 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына, 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 23 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3681 болып тіркелген, 2015 жылғы 16ақпандағы № 19 (17108) «Дидар», 2015 жылғы 14 ақпандағы № 18 (19617) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі

    Д. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.