Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 мамыр 2016 ж.

    «Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» 2016 жылғы 16 мамырдағы № 511 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы.

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2043 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5214 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған);

    2) 2016 жылғы 18 наурыздағы № 276 «Әкімдіктің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2043 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған).

    2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласының әкімі

    Б. Ғаязов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.