Қызылорда қаласы әкімдігінің әлеуметтік саласының мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 мамыр 2016 ж.

    Қызылорда қаласы әкімдігінің әлеуметтік саласының мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    «Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қызылорда қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) «2016 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №4773 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5292 тіркелген, «Ақмешiт ақшамы» газетінде 2016 жылғы 13 қаңтардағы №03-04, «Кызылорда Таймс» газетінде 2016 жылғы 13 қаңтардағы №1-2, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған);

    2) «2016 жылға Қызылорда қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №4773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №5068 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5423 тіркелген, «Ақмешiт ақшамы» газетінде 2016 жылғы 6 сәуірдегі №29-30, «Кызылорда Таймс» газетінде 2016 жылғы 6 сәуірдегі №16 жарияланған);

    3) «2016 жылға Қызылорда қаласының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №4828 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5327 тіркелген, «Ақмешiт ақшамы» газетінде 2016 жылғы 3 ақпандағы №11-12, «Кызылорда Таймс» газетінде 2016 жылғы 3 ақпандағы №6 жарияланған);

    4) «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы №5069 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5445 тіркелген, «Ақмешiт ақшамы» газетінде 2016 жылғы 20 сәуірдегі №33-34, «Кызылорда Таймс» газетінде 2016 жылғы 20 сәуірдегі №18 жарияланған).

    2. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

    ҚАЛА ӘКІМІ

    Н. НӘЛІБАЕВ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.