Құрманғазы ауылының шекарасын белгілеу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 наурыз 2020 ж.

    Құрманғазы ауылының шекарасын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жалпы аумағы 1 913 гектар және ұзындығы 22 742 метр болатын Құрманғазы ауылының шекарасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

    2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (Ж.Бектемиров) және аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы М.Қуаншалиев) жүктелсін.

    3. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

    Аудан әкімі

    Б.Шаяхметов

    Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІVсессиясының төрағасы

    Ө.Тәжібаев

    Аудандық мәслихат хатшысы

    Б.Жүгінісов

    (ҚАӘ) (ҚАМ)

    Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 10

    маусымдағы №228 қаулысымен және

    аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13

    маусымдағы №42-VI шешімімен бекітілді

    Атырау облысы Құрманғазы ауданы

    Құрманғазы ауылының әкімшілік

    шекарасының ЖОСПАРЫ

    Масштаб 1: 10 0000

    Құрманғазы ауылы шекарасының

    жалпы ауданы – 1 913 га

    шекарасының ұзындығы 22 742 метр

    Аудан әкімі ________ Б.Шаяхметов

    Аудандық мәслихат хатшысы

    __________________ Б.Жүгінісов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.