Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы 36 сессиясының №337 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3523 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 52 (7526) «Тоқырауын тынысы» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Қ. Мұсаханов
Аудандық мәслихат хатшысы
Р. Әбеуов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.