Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 маусым 2016 ж.

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы

    «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-2) тармақшасына, 13-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    Қоса беріліп отырған:

    1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жылжымайтын объектілер бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі;

    2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі;

    3) осы бірлескен бұйрыққа 3- қосымшаға сәйкес жеке тұлғалар бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі;

    4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру мерзімділігі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

    3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 23 шілдеден бұрын қолданысқа енгізілмейді.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы

    Е. Нысанбаев

    Қазақстан Республикасының Әділет министрі

    Б. Имашев

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Ақпарат және коммуникациялар министрі

    _____________ Д. Абаев

    2016 жылғы «__» ________

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушының

    2016 жылғы 23 маусымдағы № 274

    және Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2016 жылғы 28 маусымдағы № 506

    бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Жылжымайтын объектілер бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі

    Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің тү­рі
    Ба­стап­қы объ­ек­ті­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Ны­са­на­лы
    мақ­са­ты
    Ме­кен­жайы
    (об­лыс, аудан/қа­ла, ел­ді­ме­кен, кө­ше, үй, пәтер)
    Ме­кен-жай­дың тір­кеу ко­ды (МТК)
    Құ­рам­да­ры­ның са­ны
    Қа­бат­ты­лы­ғы (қа­бат са­ны)
    Жал­пы
    алаң (шар­шы метр)
    Кө­ле­мі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    кестенің жалғасы
    Ұзынды­ғы
    Тұр­ғын ала­ңы кө­ле­мі (шар­шы метр
    Негіз­гі
    алаң (шар­шы метр)
    Пай­да­лы
    алаң (шар­шы метр)
    Жер учас­ке­сі­нің бө­лі­нуі
    Ес­керт­пе
    Тір­кел­ген құқық
    Құқық тү­рі
    Маз­мұ­ны
    Құқық ие­ле­ну­ші
    Жал­пы мен­шік ны­са­ны, үле­сі
    Құқық­тың туын­дау негіз­де­ме­сі
    Тір­кел­ген кү­ні, уа­қы­ты
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    кестенің жалғасы
    Құқық­тың ауырт­па­лы­ғы тір­кел­ге­нін
    Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­тар­дың неме­се ауырт­па­лық­тар­дың туын­да­уы­на әкеп соқ­тыр­май­тын заң­дық та­лап­тар және мәмі­ле­лер тір­кел­ді
    Ауырт­па­лық­тың тү­рі
    Маз­мұ­ны
    Құқық ие­ле­ну­ші неме­се уәкі­лет­ті ор­ган (мүд­де­лі тұл­ға)
    Жал­пы мен­шік ны­са­ны, үле­сі
    Ауырт­па­лық­тың туын­дау негіз­де­ме­сі
    Тір­кел­ген кү­ні, уа­қы­ты
    Заң­дық та­лап­тар және мәмі­ле­лер
    Маз­мұ­ны
    Өті­ніш бе­ру­ші (мүд­де­лі тұл­ға)
    Құқық­тың туын­дау негіз­де­ме­сі
    Тір­кел­ген кү­ні, уа­қы­ты
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    32
    33

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушының

    2016 жылғы 23 маусымдағы № 274

    және Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2016 жылғы 28 маусымдағы № 506

    бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі

    Ақ­па­рат­тық жүй­е­де тір­ке­ле­тін іс-қи­мыл (тір­кеу, қай­та тір­кеу, қай­та ұй­ым­да­сты­ру, та­ра­ту және бас­қа­лар), оны жүр­гі­зу кү­ні
    Заң­ды тұл­ға­ның БСН
    Заң­ды тұл­ға­ның орыс және мем­ле­кет­тік тіл­дер­де­гі ата­уы
    Құ­ры­л­тай­шы­ның БСН
    (болған жағ­дай­да)
    Құ­ры­л­тай­шы­ның орыс және мем­ле­кет­тік тіл­дер­де­гі
    ата­уы
    Ин­кор­по­ра­ция
    елі
    Мем­ле­кет­тік тір­кеу кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    кестенің жалғасы
    Соңғы қайта тіркелген күні
    Орналасқан жері (индекс, облыс, өңір, елдімекен, көше, үй нөмірі, мекенжайдың тіркеу коды (МТК))
    (болған жағдайда)
    Қызметтің негізгі түрінің коды
    Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысан коды
    Бірінші басшының Т.А.Ә.
    (бар болған жағдайда) 
    Бірінші басшының ЖСН
    (болған жағдайда)
    8
    9
    10
    11
    12
    13

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушының

    2016 жылғы 23 маусымдағы № 274

    және Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2016 жылғы 28 маусымдағы № 506

    бірлескен бұйрығына

    3-қосымша

    Жеке тұлғалар бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі

    Ақпараттық жүйеде тіркелетін іс-қимыл (тіркеу және басқалар), оны жүргізу күні
    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімде тіркелетін іс-қимылы (есепке алу объектісін енгізу, өзекті ету, алып тастау)
    ЖСН
    Тегі
    Аты
    Әкесінің аты (бар болған жағдайда)  
    Туған күні
    Орналасқан жері (индекс, облыс, өңір, елдімекен, көше, үй нөмірі, корпус нөмірі, пәтер нөмірі, мекенжайдың тіркеу коды (МТК))
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    кестенің жалғасы
    Жеке басын куәландыратын құжат
    Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі
    Сериясы
    Берілген күні
    Мерзімінің аяқталу күні
    Берген
    орган
    Жеке тұлғаның өмірлік мәртебесі
    Азаматтық
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушының

    2016 жылғы 23 маусымдағы № 274

    және Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2016 жылғы 28 маусымдағы № 506

    бірлескен бұйрығына

    4-қосымша

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру мерзімділігі

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне берілетін деректердің атауы
    Деректерді беруді және/немесе оларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік орган
    Беру нысаны
    Беру мерзімі
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Жылжымайтын объектілер бойынша
    Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласындағы мемлекеттік саясат пен қызметті мемлекеттік реттеуді іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган
    Электрондық нысанда
    Сұрау салу және жауап беру режимінде және автоматиялық
    өзектендіру режимінде («Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорлар бөлігінде)
    2.
    Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері бойынша
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган
    3.
    Жеке тұлғалар бойынша
    Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.