Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 маусым 2016 ж.

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы

    «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-2) тармақшасына, 13-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. Қоса беріліп отырған:

    1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес астық қабылдау кәсіпорындары бойынша, сондай-ақ олардың жылдық қаржылық есептіліктері және аудиторлық есептері бойынша астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру нысаны мен көлемі;

    2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру мерзімділігі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

    3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 23 шілдеден бұрын қолданысқа енгізілмейді.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы

    Е. Нысанбаев

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    Б. Сұлтанов

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Ақпарат және коммуникациялар министрі

    _____________ Д. Абаев

    2016 жылғы «__» ________

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушының

    2016 жылғы 23 маусымдағы № 276

    және Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2016 жылғы 29 маусымдағы № 348

    бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Астық қабылдау кәсіпорындары бойынша, сондай-ақ олардың жылдық қаржылық есептіліктері және аудиторлық есептері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі

    Ақ­па­рат­тық жүй­е­де тір­ке­ле­тін іс-қи­мыл (де­ректер­ді ен­гі­зу / өзгер­ту/ұй­ым­ды /элек­трон­дық есеп­ті қар­жы есе­бі­нен неме­се ауди­тор­лық есеп­ті­лік­тен жою), оны жүр­гі­зу кү­ні
    Астық қол­хат­та­рын ұста­у­шы­лар­дың мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ті­зі­лім­де тір­ке­ле­тін іс-қи­мы­лы (есеп­ке алу объ­ек­ті­сін ен­гі­зу, өзек­ті ету, алып та­стау)
    Ұй­ым­ның БСН
    Ұй­ым­ның
    қа­зақ
    және орыс тіл­де­рін­де­гі ата­уы
    Ор­на­лас­қан же­рі (ин­декс, об­лыс, өңір, ел­ді­ме­кен, кө­ше, үй нө­мі­рі, элек­трон­дық ме­кен­жайы, веб-сай­ты,те­ле­фон нө­мі­рі, ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды (МТК))
    Са­ла (қыз­мет­тің негіз­гі тү­рі)
    Ұй­ым­ның ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны
    Ұй­ым­ның соң­ғы қай­та тір­кел­ген кү­ні
    Ұй­ым бой­ын­ша ес­керт­пе
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    кестенің жалғасы
    Бі­рін­ші бас­шы­ның
    те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
    Бі­рін­ші бас­шы­ның ЖСН
    Бас
    бух­гал­тер­дің
    те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да)
    Бас
    бух­гал­тер­дің
    ЖСН
    Қар­жы­лық есеп­ті­лік /ауди­тор­лық есеп ке­зе­ңі
    Қар­жы­лық есеп­ті­лік­тің /ауди­тор­лық есеп­тің си­патта­ма­сы
    Қар­жы­лық есеп­ті­лік­ті бе­кі­ту кү­ні
    Ауди­тор­лық есеп­ті кү­ні
    Ауди­тор­дың БСН
    Ауди­тор­дың ата­уы
    Қар­жы­лық есеп­ті­лік/
    ауди­тор­лық есеп­ті­лік бар файл
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
    ЖСН - Жеке сәйкестендіру нөмірі
    БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушының

    2016 жылғы 23 маусымдағы № 276

    және Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2016 жылғы 29 маусымдағы № 348

    бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру мерзімділігі

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне берілетін деректердің атауы
    Деректерді беруді және/немесе оларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік орган
    Беру нысаны
    Беру мерзімі
    1
    2
    3
    4
    5
    Астық қабылдау кәсіпорындары бойынша, сондай-ақ олардың жылдық қаржылық есептіліктері және аудиторлық есептері бойынша
    Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында қызметті реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган
    Электрондық нысанда
    Күн сайын, ведомстволық ақпараттық жүйеде есепке алу объектісімен іс-қимыл жүргізілген күннен бастап

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.