«Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 835 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және « Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы » Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №835 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4887 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы он бірінші жолмен толықтырылсын:
|
11.
|
Саз
|
Ақсу
|
Жалағаш
|
45° 04' 16,30"
45° 04' 15,05"
45° 03' 59,11"
45° 03' 49,52"
45° 03' 54,49"
|
64° 42' 00,34"
64° 42' 13,75"
64° 42' 35,42"
64° 42' 31,59"
64° 42' 03,60"
|
барлау
|
40,0
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Әміреевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
Қызылорда облысының әкімі
Қ. Көшербаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.