«Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 21 тамыздағы Мұнайлы аудандық мәслихатының №36/384 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 наурыз 2016 ж.

    «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 21 тамыздағы Мұнайлы аудандық мәслихатының №36/384 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №10-11-125 хатына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 21 тамыздағы Мұнайлы аудандық мәслихатының №36/384 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2836 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

    Сессия төрағасы

    А.Укибаев

    Мәслихат хатшысының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы

    Б.Курбанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.