«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 шілде 2016 ж.

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

    «Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «68-1) Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігімен, оның ішінде қабылданған міндеттемелерді орындауымен және келіссөздерге қатысуымен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;»;

    мынадай мазмұндағы 86-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «86-1) мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;»;

    290) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «290) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысанын, оның орындалуы туралы ақпараттың нысанын және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурста жариялауға арналған нысанды бекіту тәртібін айқындау;»;

    «Ведомстволардың функциялары» деген 17-тармақта:

    290) тармақша алып тасталсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    К. Мәсімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.