Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

    А. Қаршегенов

    Қалалық мәслихаттың хатшысы

    Ғ. Көпеева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев

    Степногорск қалалық

    мәслихатының

    2016 жылғы 19 мамырдағы

    № 6С-5/3 шешіміне

    қосымша

    Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері

    Атауы
    1 м3 үшін тариф (теңге)
    Бір айда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату үшін қызмет құны (теңге)
    Заңды тұлғалар
    Жинау және әкету үшін
    1 089
    Көму және кәдеге жарату үшін
    313
    Жеке тұлғалар
    Жинау және әкету үшін
    1 089
    Көму және кәдеге жарату үшін
    313
    Жайлы тұрғын үй (1 тұрғынға)
    202,12
    Жайлы емес тұрғын үй
    (1 тұрғынға)
    260,53
    Ескерту: м3 – текше метр.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.