«Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 141 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы 127/ОД бірлескен бұйрығының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 141 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы 127/ОД бірлескен бұйрығының (нормативтiк-құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9516 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 шілдеде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көшірмесін жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.