Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 шілде 2016 ж.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналардың:

    1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің м.а. 2015 жылғы 17 шілдедегі № 463 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11921 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған);

    2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 74 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13153 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.А. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Б. Асыловаға жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

    Е. Сағадиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.