"Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 сәуір 2016 ж.

    «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Республикалық кітап мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1117 және «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 27 қаулыларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12608 тіркеліп, 2016 жылғы 18 қаңтарда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына:

    1-қосымшада:

    Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшерлерінде:

    реттік нөмірлері 15 - 30 деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    115
    93 %
    «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК
    116
    90%
    «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық мұражайы» РМҚК
    117
    90 %
    «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өнер мұражайы» РМҚК
    118
    92 %
    «Сирек кездесетiн қияқты саз аспаптарының мемлекеттiк коллекциясы» РМҚК
    219
    98 %
    «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК
    220
    98 %
    «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» РМҚК
    221
    98 %
    «Берел» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК
    222
    98 %
    «Есiк» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК
    223
    90 %
    «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» РМҚК
    224
    95 %
    «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» РМҚК
    225
    80 %
    «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК
    226
    95 %
    «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» РМҚК
    227
    95 %
    «Ежелгі Тараз ескер ткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК
    228
    97 %
    «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» РМҚК
    329
    90 %
    «Қазақстан Республикасы Ұлттық -мұражайы» РМҚК
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
    4) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі

    А. Мұхамедиұлы

    КЕЛІСІЛДІ

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрі

    ______________ Б. Сұлтанов

    2016 жылғы « »

    КЕЛІСІЛДІ

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрі

    ________________ Қ. Бишімбаев

    2016 жылғы « »

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.