Нұра ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 10 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына сәйкес Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТЕДІ:
1. Нұра ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 10 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3582 болып тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда № 53 аудандық «Нұра» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 15 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндеттерін атқарушысы Нұралы Нұрмақұлы Қалиевке жүктелсін.
Аудан әкімі
Қ. Бексұлтанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.