Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 маусым 2016 ж.

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы

    «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына тіркелген жер учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына тіркелген жер учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру мерзімділігі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 23 шілдеден бұрын қолданысқа енгізілмейді.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Мырзахметов

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Ақпарат және коммуникациялар министрі

    _____________ Д. Абаев

    2016 жылғы «__» ________

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2016 жылғы 30 маусымдағы

    № 288 бұйрығына

    1-қосымша

    Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына ресімделген жер учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі

    Ақпараттық жүйеде тіркелетін іс-қимыл (жер учаскесіне құқықтың туындауы/тоқтатылуы және басқалар), оны жүргізу күні
    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркелетін іс-қимыл (есепке алу объектісін енгізу, өзекті ету, алып тастау)
    Жер учаскесі бойынша операция жүргізу күн
    Құқық иесінің БСН
    Құқық иесінің толық атауы
    Құқық түрі
    Жерлердің санаты
    Жер учаскесінің нысаналы мақсаты
    (орыс тілінде)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    кестенің жалғасы
    Жер
    учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Жер учас­ке­сі­нің бұ­дан ал­дың­ғы ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Жер учас­ке­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі/ме­кен жайы (об­лыс, аудан, кө­ше, үй нө­мі­рі)/ме­кен жай­дың тір­ке­улік ко­ды (МТК)
    Жер учас­ке­сі­нің ала­ңы (шар­шы метр неме­се гек­тар)
    Жер учас­ке­сі­нің ба­ға­лық құ­ны (мың тең­ге)
    Шек­те­улер­дің (тый­ым са­лу және бас­қа­лар) бар- жо­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Бо­ни­тет
    ба­лы
    Бо­ни­тир­леу
    кү­ні
    Жер учас­ке­сі­нің бө­лі­не­т­ін­ді­гі
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    кестенің жалғасы
    Ие­сіз
    Алып қою
    Кон­до­ми­ни­ум
    Объ­ек­ті­нің
    ны­са­на­лы мақ­са­ты
    (мем­ле­кет­тік тіл­де)
    Құқық­тық қа­ты­на­стар мер­зі­мі
    (мем­ле­кет­тік тіл­де)
    Құқық­тық қа­ты­на­стар мер­зі­мі
    (орыс тіл­де)
    Құқық ие­сі­нің (ком­па­ни­я­ның) ме­кен­жайы
    (мем­ле­кет­тік тіл­де)
    Құқық ие­сі­нің (ком­па­ни­я­ның) ме­кен­жайы
    (орыс тіл­де)
    Эко­но­ми­ка­лық си­патта­ма­сы
    Жер учас­ке­сі ше­ка­ра­сы­ның
    ко­ор­ди­нат
    жүй­е­сін­де­гі
    бұ­ры­лыс
    нүк­те­ле­рі­нің ко­ор­ди­нат­та­ры
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
    БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары –

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    2016 жылғы 30 маусымдағы

    № 288 бұйрығына

    2-қосымша

    Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына ресімделген жер учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру мерзімділігі

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне берілетін деректердің атауы
    Деректерді беруді және/немесе оларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін орган
    Беру нысаны
    Беру мерзімі
    1
    2
    3
    4
    5
    Жер учаскелері бойынша
    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
    Электрондық нысанда
    Сұраным бойынша ведомстволық ақпараттық жүйеде есепке алу объектісімен іс-қимыл жүргізілген күннен бастап

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.