Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылы Абай көшесінде ветеринариялық режимді алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Лебяжі ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 2-19/349 ұсынысы негізінде, Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылының Абай көшесінде ауыл шаруашылық жануарларының құтыру ауруын алдын алу бойынша барлық ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Қызыләскер ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылының Абай көшесіндегі ветеринариялық режим алынсын.
2. Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 8 мамырдағы «Қызыләскер ауылдық округі Черное ауылының Абай көшесінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы» № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2013 жылғы 17 мамырда № 3537 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 маусымда «Аққу үні - Вести Акку» газетінің № 22/100 санында жарияланған)
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы
А.Кумпекеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.