Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған 2010 жылғы 27 сәуірдегі «Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары туралы» № 109/2 қаулысының күші жойылған деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 маусым 2016 ж.

    Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған 2010 жылғы 27 сәуірдегі «Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары туралы» № 109/2 қаулысының күші жойылған деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңына сәйкес, Шарбақты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2010 жылғы 27 сәуірдегі «Аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары туралы» № 109/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 27 мамырдағы № 12-13-105 болып тіркелді, 2010 жылғы 3 маусымдағы аудандық № 22 «Маралды» және «Трибуна» газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы

    Р. Неғманова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.