Таран ауданы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігінде егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 маусым 2016 ж.

    Таран ауданы бойынша 2016 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiнде егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Таран ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Таран ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiнде егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн:

    1) жазғы дәнді дақылдар (бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық) 2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейiн;

    2) дәнді бұршақты дақылдар (аңқа, жасымық, асбұршақ) 2016 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін;

    3) майлы дақылдар (рапс, зығыр, күнбағыс) 2016 жылғы 5 мамырдан 31 мамырға дейiн.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 мамырдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таратылады.

    Аудан әкімі

    Б. Өтеулин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.