Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 77 «Мақтақолхаттарын беру арқылы қойма қызметібойынша қызметтер көрсетуге лицензияберу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 шілде 2016 ж.

    Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 77 «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 77 «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2697 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А. К. Рзаханов) бір апта мерзім ішінде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жіберуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Облыс әкімінің міндетін атқарушысы

    С. Алдашев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Маңғыстау облысының ауыл

    шаруашылығы басқармасы»

    мемлекеттік мекемесі басшысының

    міндетін атқарушысы

    Т.Балтабеков

    « 18 » 07. 2016 ж.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.