«Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері мен бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері мен бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 386-бабының және 444-бабының негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері мен бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

    Сессия төрағасы

    О. Файзулина

    Мәслихат хатшысы

    Ж. Мамерханова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Шахтинск қаласының

    әкімі С. Аймаков

    2016 жылғы «5» шілде

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Шахтинск қаласы бойынша

    мемлекеттік кіріс басқармасының

    басшысы М. Сатыбалдин

    2016 жылғы «5» шілде

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Шахтинск қаласының жер

    қатынастары, сәулет және

    қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы Т. Маковий

    2016 жылғы «5» шілде

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.