Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қазан 2016 ж.

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасы, 139-бабы 9-тармағына және «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 34 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін арнайы білімі бар ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2016 жылғы "17" маусым

    № 494 қаулысына қосымша

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін арнайы білімі бар ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

    Ветеринария мамандары:

    1) бірінші санаттағы, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;

    2) екінші санаттағы, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;

    3) санатсыз, біліктілік деңгейі жоғары: ветеринар дәрігер, зертхананың ветеринар дәрігері, вирусолог, бактериолог;

    4) бірінші санаттағы, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник;

    5) екінші санаттағы, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник;

    6) санатсыз, біліктілік деңгейі орташа: ветеринар фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник, асыл тұқымдық іс жөніндегі техник.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.