Аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы

    «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2016 жылғы « 23 » маусымдағы №498 қаулысына

    қосымша

    Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай)

    Аудан (қала) атауы
    Барлық субсидия көлемдері,
    мың теңге
    оның ішінде
    күріш
    басқа дақылдар
    Жаңақорған
    319 552,938
    134 070,000
    185 482,938
    Шиелі
    279 605,152
    178 760,000
    100 845,152
    Сырдария
    398 393,012
    311 346,292
    87 046,720
    Жалағаш
    443 426,745
    323 555,600
    119 871,145
    Қармақшы
    320 135,906
    248 798,168
    71 337,738
    Қазалы
    172 873,272
    119 232,920
    53 640,352
    Арал
    1 137,320
    1 137,320
    Қызылорда қаласы
    64 875,655
    48 175,820
    16 699,835
    Барлығы
    2 000 000,000
    1 363 938,800
    636 061,200

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.