«Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/6-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/6-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1.«Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/6-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 28 қарашада № 3566 болып тіркелген, 2014 жылғы 1-7 желтоқсанда № 44 «Абай елі» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

    аталған шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Абай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы»;

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Абай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жаратуға келесі тарифтер бекітілсін:».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы

    Қ. Нұғымаров

    Мәслихат хатшысы

    Е. Лдибаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.