2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 ақпан 2016 ж.

    2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Нұра ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндеттерін атқарушы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Қ. Бексұлтанов

    Нұра ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 10 ақпандағы

    № 03/01 қаулысына қосымша

    2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
    Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)
    Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
    мемлекеттік
    мемлекеттік
    мемлекеттік
    мемлекеттік
    1
    Балабақша
    215
    26360
    9500
    26360
    2
    Мектепке дейінгі шағын орталық
    230
    10911
    6600
    10911

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.