Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 маусым 2016 ж.

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы

    «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-2) тармақшасына, 13-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. Қоса беріліп отырған:

    1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі;

    2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру мерзімділігі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

    3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрлеріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 23 шілдеден бұрын қолданысқа енгізілмейді.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы

    Е. Нысанбаев

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

    Д. Абаев

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушының

    2016 жылғы 23 маусымдағы № 275

    және Қазақстан Республикасы

    Ақпарат және коммуникациялар министрінің

    2016 жылғы 29 маусымдағы № 20

    бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі

    Бі­ре­гей құ­жат­тың нө­мі­рі
    Әкім­ші­лік құ­жат­тың нө­мі­рі мен ко­ды
    (ӘҚ­НМК)
    Әкім­ші­лік өті­ніш­тің
    нө­мі­рі мен ко­ды
    (ӘӨНМК)
    Бі­ре­гей өті­ніш­тің нө­мі­рі
    Се­ри­я­сы
    Нө­мі­рі
    Мәр­те­бе­сі
    Қол­да­ныс
    ке­зе­ңі­нің ба­ста­луы
    Қол­да­ныс
    ке­зе­ңі­нің аяқ­та­луы
    Ли­цен­зи­ат­тың
    БСН
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    кестенің жалғасы
    Қызмет түрі
    Беру күні
    Уәкілетті орган/лицензиар
    Телнұсқасын тоқтату/тоқтата тұру/беру күні
    Тоқтатыла тұру басталған күн
    Тоқтатыла тұру аяқталған күн
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
    БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрінің

    міндетін атқарушының

    2016 жылғы 23 маусымдағы № 275

    және Қазақстан Республикасы

    Ақпарат және коммуникациялар министрінің

    2016 жылғы 29 маусымдағы № 20

    бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру мерзімділігі 

    Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне берілетін деректердің атауы
    Деректерді беруді және/немесе оларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік орган
    Беру нысаны
    Беру мерзімі
    1
    2
    3
    4
    5
    Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия
    Рұқсаттар және хабарламалар саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган
    Электрондық нысанда
    Күн сайын, ведомстволық ақпараттық жүйеде есепке алу объектісімен іс-қимыл жүргізілген күннен бастап

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.