"Жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 141 бұйрығының күшін жою туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 маусым 2016 ж.

    "Жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 141 бұйрығының күшін жою туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 141 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11375 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):

    1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;

    2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

    Ж. Қасымбек

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрі орынбасары -

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    ______________ А. Мырзахметов

    2016 жылғы 4 шілде

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрі

    ______________ Қ. Бишімбаев

    2016 жылғы 29 маусым

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрі

    ______________ Қ. Бозымбаев

    2016 жылғы 8 шілде

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.