"Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8918 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 32 (28256) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесінде:

    10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) кеме билетінің немесе кеме куәлігінің нөмірі және күні.»;

    12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Келісуден бас тартқан кезде уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінім берушіге бас тарту себептері көрсетілген жауап жолдайды.

    Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі келісуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

    1) өтінім берушінің келісуді алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

    2) осы Ереженің 10-тармағымен белгіленген, өтінім берушінің және (немесе) келісуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің талаптарына сәйкес келмеуі;

    3) өтінім берушіге қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу талап етілетін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

    4) өтінім берушіге қатысты өтінім берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуына негіз болған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.»;

    көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Мырзахметов

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму министрі

    _____________Ә. Исекешев

    2016 жылғы « »

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрі

    ____________Қ. Бишімбаев

    2016 жылғы « »

    Қазақстан Республикасы 

    Ауыл шаруашылығы министрінің 

    2016 жылғы 18 мамырдағы № 222

    бұйрығына қосымша       

    Уылдырық шашу кезеңінде балық  

    аулауға тыйым салынған, сондай-ақ

    балық аулауға тыйым салынған су

    айдындарында және (немесе)

    учаскелерінде су көлігі қозғалысының

    ережесіне

    1-қосымша

    Нысан

    ___________________________________

    (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

    ___________________________________

    (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

    Мекенжайы________________________

    (индексі, қала, аудан, облыс,

    ___________________________________

    көше, үй №, телефон)

    Өтініш берушінің деректемелері

    ___________________________________

    (заңды тұлғаны/дара кәсіпкерді

    мемлекеттік тіркеу (қайта

    тіркеу) туралы куәліктің немесе

    анықтаманың №, бизнес

    сәйкестендіру нөмірі/жеке

    сәйкестендіру нөмірі)

    Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу туралы өтініш

    Кеме иесінің атауы________________________________________________ Кеме жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Кеменің атауы _____________________________________ Кеменің тіркеу нөмірі _____________________________ Кеменің техникалық параметрлері (ұзындығы, ені, шөгуі): Ұзындығы (метр) ___________________________________ Ені (метр) ________________________________________ Шөгуі (сантиметр) _________________________________ Кемедегі есу қалақтарының айналу жылдамдығы (айналым/минут) ________ Кеменің типі ______________________________________ Кеменің маркасы ___________________________________ Қозғалтқыштың қуаты _______________________________ Кеме қатынасының мақсаты __________________________ Қозғалыс мерзімі _________бастап 20____жылдың__________дейін Жүзу бағдары_______________________________________ Тұрақ орны ________________________________________ Кеме билетінің немесе кеме куәлігінің нөмірі және күні________________ Ұынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтінішті берген күн 20___жылғы «____»________________ ____________________________________________________________________________________________ өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.