Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 214/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 214/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3895 болып тіркелді, 2014 жылғы 5 тамызда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақтың 19) тармақшасы алынып тасталсын.
2. «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Қ. Бозымбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.