Көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Жұмыскер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы, Жұмыскер ауылдық округі, Өркен шағын ауданындағы №30 көшеге «Қабижан Ғаббасовтың» есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жұмыскер ауылдық округі әкімі орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Г.Ергалиеваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жұмыскер ауылдық округінің әкімі
Қ.Хабиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.