«Ащылысай селолық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы» 2012 жылғы 30 мамырдағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулуар енгізу туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Ащылысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ащылысай ауылдық округі әкімінің «Ащылысай селолық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы» 2012 жылғы 30 мамырдағы № 1 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімде № 3-6-144 тіркелген, аудандық «Қарғалы» газетінің 2012 жылдың 26 маусымдағы № 34 санында жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің мемлекеттік тіліндегі деректемелерді, атауы және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауданының Ащылысай ауылдық округінің әкімі
А. Биманбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.