Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 46 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 сәуір 2016 ж.

    Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 46 қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » №480 Заңының 27-бабының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 46 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 19.02.2016 жылы №5359 болып тіркелген, аудандық «Тіршілік тынысы» газет баспасының 02.03.2016 жылы №17 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Ғ. Қазантаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.